13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу

10 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі (заң мәселелері бойынша) бастығының орынбасары — анықтау және іздестіру бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Дәурен Сейтжанов және ШГ ӘПБ алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Нұрбол Үсенұлы Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамы үшін профилактикалық кездесу ұйымдастырды.

ҚР Қарулы күштерінің 2025 жылға арналған «Өмірді сақта» профилактикалық жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған кездесуде әскери ұжымдардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Алкоголь, есірткі, құмар ойындар – қылмыс көзі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты әскери қызметшілерде құқықтық тәртіпке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, жаман әдеттердің зиянды әсерін түсіндіру, сондай-ақ оңалту және қолдау мүмкіндіктері туралы хабардар ету болды.
Талқылауға ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімінің тергеушісі, ҚР ІІМ полиция басқармасының өкілі, денсаулық сақтау басқармасының психиатр-дәрігері Меруерт Одаман, дін басқармасының теолог-маманы Нұрдәулет Аманкелді, сондай-ақ оңалту орталығының мамандары қатысты.
Жиналғандарға арнаған сөзінде ШГ ӘПБ алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Нұрбол Үсенұлы гарнизонда өткізілетін әскери қылмыстардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
— Біздің басты міндетіміз — жасалған теріс қылықтар үшін жаза ғана емес, олардың алдын алу. Профилактикалық шаралар, сарапшылармен кездесулер мен консультациялар арқылы біз әскери қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға тырысамыз. Әрбір жауынгердің өз әрекеттерінің салдарын түсінуі және Отан, отбасы мен әріптестері алдындағы жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сонымен қатар, біз әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға ерекше көңіл бөлеміз. Әскери қызметші кез келген қиын жағдайда қолдау сұрап, көмек ала алатынын білуі керек. Бірлескен күш-жігермен ғана біз алға қойылған міндеттерді тиімді орындай алатын дені сау және тәртіпті әскери қалыптастыра аламыз, — деп атап өтті әділет майоры Нұрбол Үсенұлы.
Сарапшылар алкоголь мен есірткіні қолданудың салдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Психиатр-дәрігер Меруерт Одаман нашақорлық адамның психикалық денсаулығына теріс әсер етіп, оның концентрациясының төмендеуіне және ашушаң болуына әкелетінін атап өтті. Маман-теолог Нұрдәулет Аманкелді бұл мәселенің моральдық-этикалық аспектісін атап өтіп, тәуелділіктің адамның рухани жағдайына және оның ортасына қалай әсер ететінін түсіндірді. Оңалту орталығының өкілдері тәуелділікке тап болған адамдарға көмек көрсету мүмкіндіктері, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделу кезеңдері туралы айтты.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Next Post

Заң және тәртіп тақырыбында өткен семинар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі