13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде мүлікті бағалау мәселесі қаралды

3 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде мүлікті бағалау мәселесі қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Қайрат Акеновтың модераторлығымен өткен жиынға Кеңес мүшелері, қалалық прокуратура, бақылау-қадағалау органдарының басшылары мен Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшілері қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде салық органдарының бизнес субъектілерінің мүлкін қайта бағалау жөніндегі талаптарының негізділігі мәселесі қаралды.

Палата директорының орынбасары Майя Исаеваның мәліметінше, «Атамекен» ҰКП жұмысының негізгі мақсаттарының бірі – кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен өзара тиімді байланысын ұйымдастыру.

«Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен осындай тығыз ынтымақтастық пен жедел өзара іс-қимылдың нәтижесінде кәсіпкерлердің көптеген проблемасы көбісіне тез арада шешімін табады, соның ішінде бүгінгі көтеріліп отырған мәселе де қазіргі таңда оң шешілген. Осыған орай кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар үшін МКД басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу және Кеңестің ұсыныстарын әзірлеу мақсатында осы мәселені талқылау орынды деп санаймыз. Кәсіпкерлер палатасына жүгінген кәсіпкерлердің айтуынша, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері жіберген хабарламаларға барлық растайтын құжаттарды ұсына отырып, келіспеу туралы хабарламаны уақтылы жолдаған. Дегенмен, хабарламаның уақтылы орындалуына қарамастан, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері кәсіпкердің банктегі шоттарын бұғаттайды. Егер жеке кәсіпкерлік (ЖК) бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асырмаса және оның объектіні сатып алу құнын растайтын құжаттары болса, онда бұл жағдайда салық органдары кәсіпкерден осы мүлікке қандай да бір қайта бағалау жүргізуді талап етуге құқылы емес. Егер ЖК бухгалтерлік есепті жүргізбесе және оның мүлікті сатып алу құнын растайтын құжаттары болмаса, онда ол бағалауды мүлікті сатып алу күні бойынша жүргізіп, мүлік салығын бағалау құнынан есептеуі керек. Кәсіпкердің тиісті бағасы бар. Қолданыстағы салық заңнамасында салық салу объектісін қайта бағалау және кезеңділігі көзделмеген. Салық төлеушінің мүлікті өз бастамасымен қайта бағалау құқығы ғана сақталады», – деді Майя Исаева.

Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бастығы Жомарт Арынтаев Палата қызметкерлері келтірген мәліметтермен келісіп, ондай жағдайлар аудандық басқармаларда орын алғанын айтты. Қазіргі таңда Департамент тарапынан қызметкерлер арасында алдағы уақытта мұндай келеңсіздікті болдырмай, заң талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Previous Post

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің 2024 жылғы жұмысы қорытындыланды

Next Post

Бахтияр Өнербаев: «Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттің бірі»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі