13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК БІЛІМ – ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ БАСТАУЫ

21 января, 2025
in Жаңалықтар
0
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК БІЛІМ – ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ БАСТАУЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі – қысқа мерзімді кәсіптік оқу. Бұл бағдарлама кәсіптік білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында екі бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Кәсіптік оқуға 18 жастан (студенттерден басқа) зейнет жасына дейінгі жұмыссыз қала тұрғындары қатыса алады. Оқу мерзімі – 3 ай.

2024 жылы мегаполисте 670 тұрғын кәсіптік оқуға жолданып, оның ішінде 393 адам оқуын толық аяқтап, сертификат алды. Бүгінде олардың 297-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Білім беру ұйымдары арқылы кәсіптік білім алған тұрғындар визажист, графикалық жұмыстарды орындаушы, кондитер, косметолог-эстетик, маникюр шебері, даяшы, шаштараз, аспаз, жиһаз жинақтаушы, сантехник, тігінші секілді 26 мамандықты меңгерді.

Ал жұмыс берушілердің жұмыс орнында білім алғандар бухгалтер-кассир, киім мен аксессуарларды безендіруші, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, былғары мен теріні химиялық өңдеу операторы, қолмен тоқу шебері, наубайшы, аспаз секілді 17 мамандықты үйреніп, жұмыспен қамтылды.

Шымкент қаласының 53 жастағы тұрғыны Индира Қырықбаева мен 49 жастағы Асия Ауезбаева 2024 жылы «RECOMP» оқу орталығында «наубайшы» мамандығы бойынша білім алып, үш айда саланың қыр-сырын меңгеріп, мамандық иесі атанды. Курсты аяқтаған соң, олар «Turan Retail» мекемесіне тұрақты жұмысқа орналасты.

– Біз орта жасқа келгенде жаңа мамандықты үйрену үшін үш айлық курсты толық оқып, сертификат алдық. Қазір осы сертификат арқылы тұрақты жұмыс істеп жатырмыз. Ең бастысы, төленіп жатқан жалақыға көңіліміз толады. Жұмыссыз адамдарға қысқа уақыт ішінде мамандық үйретіп, жұмысқа орналасуына мүмкіндік беріп отырған мемлекетімізге көп рақмет, – деп қаламыздың қос тұрғыны ризашылығын білдірді.

Previous Post

Шымкентте Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда

Next Post

Төлқұжат пен жеке күәлік жасату құны өзгерді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі