13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

10 января, 2025
in Жаңалықтар
0
Мәжіліс депутаты шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажиметдинұлы жергілікті кәсіпкерлерімен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуге Палата басшылығы, қалалық прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысты.
«Бұл кездесу ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажиметдинұлының бастамасын ұйымдастырылып отыр. Жиынға құзырлы-бақылау органдарының, мемлекеттік кірістер департаментінің, кәсіпкерлік басқармасының басшылығы мен кәсіпкерлер қатысуда. Жиын еркін форматта өтеді», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.
Шымкент қалалық прокуратураның басқарма бастығы Бақытжан Байғозиев Кәсіпкерлер палатасымен бірге бизнестің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар кешенді жүйеге қойылғанын атап өтіп, алдағы жоспарларды бөлісті.
«Парламент Мәжілісі депутаттарының жұмыс кестесіне сәйкес Шымкент қаласына келіп отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы, жергілікті инфрақұрылым жүйесінің дамуы, жалпы, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара байланысын туралы ақылдасу. Осыған орай бұл жиында өзара пікір алмасып, сұрақтар болса, жауап беруге, назарға алуға дайынбыз», – деді Болатбек Нажиметдинұлы.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өздеріне қатысты сұрақтарын қойып, сала мамандарының жауабын тыңдады.
Мысалы, құрылыс компаниясының өкілі ғимарат салуға бөлінген жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым желісін жеткізу мәселесін көтерсе, Сайрам елдімекеніндегі кондитерлік фабриканың өкілі қазіргі таңда нарықта шетелдік арзан өнімдердің көбейіп кеткенін, олардың сапасы күмән тудыратынын айтып, жергілікті өнімдерді қолдау шараларын күшейтуді сұрады, сонымен қатар, жылжымайтын мүлік салығын төлеу үшін өндірістік ғимараттарды бағалауда түрлі санаттарға бөлу туралы ұсынысын жеткізді. Жалпы, жиында онға жуық кәсіпкер сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді.
Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов ғимараттар туралы тиісті құжаттарды, оның ішінде құрылыс жән баға сметаларын кәсіпкерлердің өздері ұсынатынын айтып, бірқатар кәсіпкердің хабарлама жеткізу бойынша ескертпелері назарға алынатынын жеткізді.
Болатбек Нажиметдинұлы осы арада мемлекеттік кірістер саласының мамандары Шымкент қаласындағы ірі ғимараттардың құнын қайта есептеу нәтижесінде жергілікті бюджетке салық түсімінің артқанын еске алды. Мәжілісмен жиын қорытындысында барлық сұрақтар жауапсыз қалмайтынын айтып, қажет болған жағдайда депутаттардың блогына жазуға болатынын айтып, алдағы уақытта тиісті салалық министрлікте осы мәселелер бойынша жиын өткізілетінін жеткізді.

Previous Post

Кәсіпкерлер палатасында жекеменшік білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Next Post

ШЫМКЕНТ:ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі