13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҰШАҚ АПАТЫ: ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕККЕ КЕЛГЕН ЖҰМЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

5 января, 2025
in Жаңалықтар
0
ҰШАҚ АПАТЫ: ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕККЕ КЕЛГЕН ЖҰМЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Маңғыстаудың қайсар да кеңпейіл жандарға толы екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Көрсеткен көмектеріңізге шынжүректен алғысымды білдіремін. Осындайбатыр жандар барда халқымыздың еңсесі биікболарына сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Апат орнына алғашқы болып келген «Маңғыстау өңірлік электротораптықкомпаниясы» АҚ қызметкері Нұралы Шопанов біздің орнымызда кез-келген адам болса дәлосындай қадамға барар еді дейді. «Біз жұмыс орнымызда болатынбыз. Ұшақтың құлағанын көріп, ойланбастан жүгірдік. Тіпті ұшақтың жарылып кетуі мүмкін дегенді ойламағанда екенбіз. Ішінде адамдар болса тезірек шығарып алып, көмек көрсетсек деген ой ғана болды» дейді ол.
Фельдшер Тимур Қисаев ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсетті.
— 25.12.2025 жылы, шамамен 11 сағат 00 минут шамасында аға-дистпетчерден шақырту түсті. Әуе ұшағы апаттық жағдайда қонайын деп жатқандығы туралы айтылды. Дереу сол маңға қарай бағыт алдық. Науқастарды көріп, қарап алғашқы көмек көрсеттік. Қалған бригадаларға және аға диспетчерге хабарлап, қанша науқас бар екенін, нешеуі ауруханаға тасымалданғаны бойынша хабар жеткіздім,- дейді Тимур Қисаев.
Түпқараған аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ақманов Сәкен сол сәттегі әсерімен бөлісті.
-Аспанда қисая ұшқан ұшақ санаулы уақытта жерге құлағанын көрген бойда оқиға орнына бет алдық. Ұшақтың ішіндегі адамдардың жан айқайын естіген бойы сол маңда қызметте жүрген «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» мамандарымен бірлесе әуе бортындағы жолаушыларды сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырдық. Әдетте мұндай көріністі тек кинолардан көріп жүрген біз алғашқы сәтте есеңгіреп те қалдық. Ендігі мұндай апаттың болмауын тілейміз»,-деді учаскелік полиция инспекторы.

Previous Post

Әскери қызметшілердің балаларына жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді

Next Post

Кәсіпкерлер палатасында жекеменшік білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі