13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ер адамдар ХҚКО қызметтерін жиі пайдаланады

10 декабря, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ер адамдар ХҚКО қызметтерін жиі пайдаланады
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жүгіну бойынша гендерлік статистиканы жариялады.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Шымкент қаласындағы ХҚКО-ларға ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі жүгінеді. Жыл басынан бері ХҚКО-ларда жалпы 752 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 207 мың қызметті әйелдер алған, бұл жалпы көрсеткіштің 27,5%-ын құрайды. Ал қызмет алушылардың қалған 72,5%-ы ер адамдардың үлесінде.

Ер адамдар жүгінетін негізгі қызмет түрлері:
1. Жылжымайтын мүлікті тіркеу – 49 288 өтініш.
2. Жер кадастры саласы бойынша қызметтер – 23 867 өтініш.
3. Құжаттандыру саласы бойынша қызметтер – 108 029 өтініш.

Бұл көрсеткіштер ер адамдардың жылжымайтын мүлік, жер кадастры және құжаттандыру салаларында белсенді екенін көрсетеді.

Дегенмен, әйелдердің де белсенділігін жоққа шығаруға болмайды. Әйелдер жиі пайдаланатын қызметтердің бірі – электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу. Атап айтқанда, 2024 жылдың 11 айында ХҚКО-лар арқылы 49 220 электронды цифрлық қолтаңба берілген. Оның 25 635-ін немесе 52%-ын әйелдер алған.

Сонымен қатар, әйелдер әлеуметтік саладағы қызметтерге жиі жүгінеді.
• Бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы – 10 мыңға жуық анаға тағайындалған.
• Көп балалы отбасыларға жәрдемақы – 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша 53 мың отбасы осы көмекті алған.
• «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне төленетін жәрдемақы – 13 мыңнан астам анаға арнайы марапатқа байланысты жәрдемақы тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы көп балалы отбасылар саны бойынша Қазақстанда көшбасшылардың бірі. Бұл көрсеткіш өңірдегі әлеуметтік жағдайды айқын көрсетеді.

Бұл мәліметтер халыққа қызмет көрсету саласындағы гендерлік ерекшеліктерді көрсетіп қана қоймай, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру жолында маңызды рөл атқарады.

Previous Post

ЖОЛДАУ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ

Next Post

Тұмаудан сақ болыңыздар!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі