13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттіктер үшін алдын ала практикалық емтиханды тапсыру қызметі мамандандырылған ХҚО-да қолжетімді

2 декабря, 2024
in Uncategorized
0
Шымкенттіктер үшін алдын ала практикалық емтиханды тапсыру қызметі мамандандырылған ХҚО-да қолжетімді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін негізгі сынақ алдында біліктіліктерін сынап, қателіктерін анықтау үшін практикалық емтиханды тапсыра алады. Бұл өзін өзі тексеруге , емтиханнан сүрінбей өтуге көп септігін тигізері анық. Дайындық емтиханын Достық шағын ауданы, 2343/1 және 196 орам, 381/1 мекенжайында орналасқан МХҚКО-ларда тапсыруға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері бұл қызметті 3 мыңнан астам азамат пайдаланған.
Емтиханды демалыс күндері: сенбі күні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін және жексенбіде 9:00-ден 18:00-ге дейін тапсыруға болады. Қызметті алдын-ала брондау қажет. Емтиханға үміткерлер механикалық немесе автоматты беріліс қорабы бар көлікті таңдай алады. Практикалық дайындық емтиханына жазылар алдында оферта шартты мен танысып алғаныңыз дұрыс.
«Жүргізуші куәлігін алу үшін екі емтихан тапсыру қажет. Бұл теориялық және практикалық. Практикалық емтиханда жаттығулар саны жүргізуші куәлігінің санатына байланысты.Егер азамат мұқият дайындалған болса, емтихан тапсыру қиын емес, — дейді МХҚКО басшысы Еркебұлан Мейірбеков.
МХҚКО-ның қызметкерлері атап өткендей, практикалық емтихан тапсыру кезінде жиі кездесетін қателіктер, ол сигналсыз бұрылу және тоқтау сызығын кесіп өту. Алдын ала практикалық емтиханды тапсыру мұндай қателіктер жіберу ықтималдығын азайтуға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өтіп, тиісті санат бойынша курстарды аяқтау туралы куәлік алу қажет.

Previous Post

Шымкенттік әскери қызметші бүкіл армия байқауының жеңімпазы атанды

Next Post

Жергілікті атқарушы органдардың жұмылуы заң жобаларын әзірлеудегі ашықтықты қамтамасыз етеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі