13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жас сарбаздар алғашқы атыс жаттығуларын орындады

26 ноября, 2024
in Uncategorized
0
Жас сарбаздар алғашқы атыс жаттығуларын орындады
Share on FacebookShare on Twitter

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының жас толым сарбаздары алғаш рет жауынгерлік жағдайға барынша жақын ұйымдастырылған практикалық атыс жаттығуларын орындады. Атыс дайындығы бойынша сабақтар Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында өтті.

Атысты орындамас бұрын әр жауынгерге бекітілген сержанттар нұсқаулық өткізді. Олардың ату және дәл көздеу бойынша кеңестері жас сарбаздар үшін өте пайдалы болды, өйткені «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сержанттары жыл сайын сержанттар арасында Қарулы күштердің бүкіл армия байқауында жүлделі орындарға ие болады.
— Қару-жарақпен алғашқы атыс жаттығуларын сапалы орындау үшін біз әртүрлі оқу нүктелерін дайындадық. Олар, «КЯ-83» станогында атыс қаруынан оқ-дәрілерді жұмсамай атуға үйрету, атуға дайындау бойынша 1 және 2 нормативтер, АК-74 қаруын шашып-жинау және алғашқы медициналық көмек көрсету. Біз сияқты нұсқаушылардан, сарбаздардың атыс кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуі тікелей байланысты. Осы орайда біз барлық тәжірибемізді оларға барынша жеткізуге тырысамыз, — деп атап өтті 35748 әскери бөлімінің жас сарбаздар жинының нұсқаушысы сержант Жандос Өзбекбай.
Барлық нұсқаулықтан өткесін сарбаздар практикалық атыстарды орындады. Сарбаздардың көпшілігі үшін автоматтан ату бірінші рет болса да, олардың жақсы нәтиже көрсеткісі келгені және командирлерінен бөлек мақтау естігісі келгені байқалды.
Алғашқы әсерлерімен қатардағы жауынгер Мағжан Иманбаев та бөлісті.
— Бүгін мен алғаш рет оқу полигонына келдім. Біз бірінші рет қолымызға қару алдық, оқ өтпейтін жилет пен дулыға кидік. Мен ерекше сезімдемін. Біз қарудан бастапқыда 3, одан кейін 6 оқтан аттық. Нәтижелеріміз жақсы. Бірінші атудың сезімі мен әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл өмірде бір рет болса да байқап көруге тұрарлық эмоциялар екен, — деді қатардағы мерзімді қызметтегі Мағжан Иманбаев.
Жас сарбаздар әскери істі үлкен қызығушылықпен зерттейді, ал олардың командирлері оларға әскери қызмет туралы көбірек айтып, қолда бар тәжірибені жеткізуге тырысады. Мүмкін, бір жыл мерзімді қызметте болғаннан кейін, біз бұл жігіттер өздерінің өмірлерін Қарулы күштер немесе басқа да күштік құрылымдармен тығыз байланыстырып кетуі әбден мүмкін.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

КЕНТАУДА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

Next Post

Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі