13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте «Нашақорлық пен лудоманияны тоқтат!» әлеуметтік жобасы аясында форум өтті

25 ноября, 2024
in Uncategorized
0
Шымкентте «Нашақорлық пен лудоманияны тоқтат!» әлеуметтік жобасы аясында форум өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Нашақорлық пен лудоманияны тоқтат!» әлеуметтік жобасы аясында Relife қалалық форумы өтті. Бұл шара жастар арасында нашақорлық пен азартты ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып, қала тұрғындарына зиянды әдеттердің салдарынан сақтану жолдарын ұсынды. Форум барысында аталмыш жоба аясында жүзеге асырылған түрлі шаралар туралы ақпарат беріліп, кәсіби мамандар жастарға арнайы оқыту курстарын өткізді.
Форумның басты мақсаты – жастарды есірткі мен азартты ойындарға тәуелділіктен сақтандыру, олардың санасында зиянды әдеттердің салдары туралы нақты түсінік қалыптастыру. Шара спикерлері, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жұмағұлова Айгерім Әбдіохапқызы, полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы-қимыл басқармасының бастығы Ақшораев Арман Оңғарұлы және «INSAN» практикалық психологиялық орталығының директоры, Қазақстан психологтар одағының эксперті, гештальт-терапевт, Phd Doctor Philosophy — Асанова Салтанат Сайлауқызы жастарға тәуелділіктің қауіптілігін түсіндіріп, одан арылудың жолдары мен алдын алу тәсілдерін бөлісті.
Сонымен қатар, форумда жастардың белсенді қатысуымен өткізілген «Жеңімпаз өмір» бейнероликтер байқауы мен «Таза сана — жарқын болашақ» сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқаулар жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат етті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталып, олардың шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланды.
Форумның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың ерекше маңыздылығын және олардың қала жастарының болашағына қосатын ықпалын атап өтті. Сонымен қатар, осындай іс-шаралардың әрі қарай да жалғасуы қажет екендігі айтылып, қатысушылар өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Айта кетейік, бұл жоба Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба қала жастары арасында нашақорлық пен лудомания сияқты қауіпті әдеттерге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ жастардың қоғамдағы орны мен рөлін нығайтуға бағытталған. Бұл жоба Шымкент қаласының зияткерлік және рухани дамуына елеулі үлес қосып, жастардың болашағын жарқын ету жолында маңызды қадам болып табылады.

Previous Post

Шымкент тұрғындары салтанатты түрде неке қия алады

Next Post

Мәртебелі мерейтой

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі