13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

12 ноября, 2024
in Uncategorized
0
Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко Минск қаласында келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бойынша екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Бидайды терең өңдеу, құрылыс индустриясы, көлік, IT саласы, туризм жобаларына екпін бере отырып, өнеркәсіп кооперациясы мен ауыл шаруашылығына баса назар аударылды.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі биыл 8 айда $600 млн-ды құрады. Қазақстанның (экспорттағы үлесі 10,2%) ұн және басқа да өнімдері Беларусь нарығында сұранысқа ие. Сондай-ақ биыл 9 айда автомобиль тасымалы көлемі 19%-ға артып, 450,6 мың тоннаға жетті, салада оң динамика байқалады.

Қазақстан мен Беларусь үкіметтері өнеркәсіп кооперациясын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Жалпы пулға 1,8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны $277,5 млн-ды құрайтын 14 жоба кіреді. Оның ішінде Қазақстан өңірлерінде $200 млн-нан астам сомаға 11 бірлескен кәсіпорын іске қосылып, 1,6 мың жұмыс орны ашылды. Зауыттарда тракторларды, астық және жемшөп жинайтын комбайндарды, тіркелмелі ауылшаруашылық техникаларын құрастырады. Тағы 3 жоба іске асыру сатысында тұр.

Темір жол өнімдерін шығаратын және Беларусь еліне рельстерге бекітілген шпалдар, фитингтік платформалар, темір жол дөңгелектері, тораптар және агрегаттар жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты бірқатар құжатқа, атап айтқанда, Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы бірлескен жобалар пулын толықтыруға және іскер топтар арасында тығыз байланыс орнатуға бағытталған 2025-2029 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасы; «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Беларусь Республиканың Ұлттық туризм агенттігі арасындағы экологиялық, медициналық, тау шаңғысы, ауыл туризмі және балалар мен жасөспірімдер туризмі саласында тәжірибе алмасуды көздейтін ынтымақтастық туралы келісім; Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Сондай-ақ Минскіде Жоғары технологиялар паркіне барған сәтте Олжас Бектеновке «бұлтты» технологияларда, киберқауіпсіздік, қаржы секторы және басқа да салаларда жүзеге асырылатын цифрлы жобалар ұсынылды.

Previous Post

Mitsubishi Corporation Қазақстандағы қызметті кеңейту мүмкіндігін қарастыруда

Next Post

Қазақстан Президенті Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі