13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы Түркістанға келді

1 ноября, 2024
in Uncategorized
0
«Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы Түркістанға келді
Share on FacebookShare on Twitter

Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. ҚХА-ның «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы – Түркістан қаласында,. 28 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын. Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті. Жоба мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен татулығын, келісімін дәріптеу, ҚХА 30 жылдығына орайластырылған тақырыптық имидждік бейнероликтер түсіру. Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық тегіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған жобаларын ақпараттық сүйемелдейді.
Бірінші бағыт бойынша экспедиция мүшелерінің құрамында БАҚ-тың жетекші өкілдері – белгілі тележүргізушілер Надежда Палинка, Аделия Тухбатова, блогерлер – Алина Кан, Расул Серіков, Әділет Доқтырбек, қазақ тілінің жанашырлары Анастасия Нұғұманова, Анеля Пимичева, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері Рустам Қайрыев, Адам Бойсаев бар. Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысты. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұжымымен және облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесті. Кездесуде өңірде этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұдан соң экспедиция мүшелері этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған «Кім білгір?» интеллектуалды ойынын көріп, «Татулық – табылмас бақыт» пікірталас алаңында сұхбат құрды. Пресс-турға қатысушылар бүгін «Достық үйінде» түрік, ұйғыр, шешен-ингуш, татар-башқұрт этностарының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі іс-шарасына қатысты. Сондай-ақ жоба аясында рухани шаһарда ұлттық киім үлгілерінің таныстырылымы мен ұлттық қолөнер және тағамдар бойынша мастер-класс өтеді. Айта кетсек, пресс-турға қатысушылар Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша сапарын жалғастырады.

Previous Post

Түркістанда туризмді дамыту жолдары сараланды

Next Post

Түркістан облысының әкімі шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі