13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент:«SHANYRAQ» орталығында тігін шеберханасы ашылды

4 февраля, 2021
in Қоғам
0
Шымкент:«SHANYRAQ» орталығында тігін шеберханасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасын қолдау институты орталығында аналарға арналған тігін курсының шеберханасы  ашылды. Жоба «Ана жолы» қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге асырылды.

Бұл жерде өмірлік қиын жағдайға түскен қыз-келіншектер тігіншілік оқу-курсына тегін қатыса алады. Қазіргі таңда, үш айлық курсқа 10 адам қатысуда. Олардың арасында ерекше күтімді қажет ететін балалардың анасы мен жұмыссыз көпбалалы аналар бар.

Оқуды тәмамдаған аналарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында   жергілікті тігін фабрикасымен келіссөз жүргізілді. Ал, отбасылық жағдайына байланысты сыртта жұмыс істей алмайтын әйелдерге демеушілер тарапынан тігін машинасымен қамтылады. Ұйымдастырушылар жыл аяғына дейін осы курсқа 40-50 адамды қатыстыруды көздеп отыр.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз айында «Шаңырақ» орталығында кондитерлік, аспаздық курстарының ашылуы жоспарланған. Қазір жергілікті кондитерлік дүкендермен келіссөздер жасалу үстінде.

Айта кетсек, бұған дейін тігінге арналған орын «Самғау сенім» орталығында ашылған болатын. Жобаны жүзеге асыруға іскер әйелдер кеңесінің мүшелері атсалысқан. Қазір бұл жерде өмірлік қиын жағдайға түскен қыз-келіншектер тігін тігуді серік етіп, еңбек терапиясынан өтіп келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«SHANYRAQ»Шымкент
Previous Post

Қазақстанда ядролық авария кезіндегі ТМД елдерінің өзара іс-қимылы туралы заңға қол қойылды

Next Post

Шымкентте 9 мектеп карантинге жабылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі