13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстан СІМ басшысы Корея Республикасына ресми сапармен келді

3 ноября, 2024
in Uncategorized
0
Қазақстан СІМ басшысы Корея Республикасына ресми сапармен келді
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен келді. Сапар шеңберінде ол ел басшылығымен кездеседі және Сыртқы істер министрі Чо Тхе Ёльмен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысады.

Сапардың бірінші күні қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында ҚР СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді.

«Hyundae Hospital» компаниясының басшылығымен кездесуде Алматы облысында 200 орындық көп бейінді аурухана салу жобасы талқыланды, оны қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп іске асыру жоспарлануда. М. Нұртілеу бұл жобаның Қазақстанның әлеуметтік саласы үшін маңыздылығына назар аударып, аурухана құрылысы корей моделі бойынша медициналық қызметтер жүйесін жақсартатынын және озық технологияларды қолдануды қамтамасыз ететінін атап өтті.

«With You E&C» компаниясының өкілдерімен 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болатын Қызылорда облысында қоқыс өңдеу зауытының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Зауыт экологиялық жағдайды жақсартуға және аймақ экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады. Компания сондай-ақ жобаны кеңейтуге және Қазақстанның басқа облыстарында ұқсас зауыттар құруға дайын екенін білдірді.

«Sejong» және «Seoyon E-HWA» компанияларының басшыларымен кездесулер барысында Қостанай облысында автокомпоненттер өндіру бойынша жобалар талқыланды. Корей әріптестері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға жоғары қызығушылық танытып, жаңа технологияларды табысты игеру үшін жергілікті кадрларды оқытуға дайын екендігін білдірді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақстандық Үкімет Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін осы бастамаларды табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Previous Post

Новая подстанция в Шымкенте решит вопрос качественного электроснабжения целого массива

Next Post

Қазақстан Сыртқы істер министрінің Корея Республикасына ресми сапары туралы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі