13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Фискалды чектерде тіл туралы заң талаптары сақталуы тиіс

19 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
Фискалды чектерде тіл туралы заң талаптары сақталуы тиіс
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектерін қазақ және орыс тілдерінде шығару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Палата басшылығы, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді.

«Салық кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында есеп айырысулар деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары қолданыла отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл тәртіп сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, сатушылар немесе қызмет көрсетушілер тұтынушының талабы бойынша қазақ тіліндегі түбіртекті беру мүмкіндігі болмаған жайдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес алдымен ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салынады», – деді Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Еркінбек Ағыбаев.

Жауапты мамандар бұл мәселе бойынша құзыреттілік Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, «Тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкес, көрнекі ақпараттың мәтіні орфографиялық нормаларға сай, қазақ тілінде қатесіз жазылуы тиіс. Салық кодексінің 166-бабы мен ҚР Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, бақылау-касса машиналарында деректемелер мемлекеттік тілде, қазақ тілінің ерекше әріптерімен басылуы қажет.

Мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда бақылау-касса машиналарының чектерін қазақ тілінде арқылы басып шығару жұмысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары мен «Сервис-плюс» техникалық қызмет көрсету орталығымен меморандум жасалған.

Previous Post

Мемлекет басшысы Сербия Премьер-министрімен кездесті

Next Post

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі