13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ДАМУДЫҢ ТЕТІГІ

18 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ДАМУДЫҢ ТЕТІГІ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіз елімізде қажетті отбасылық-гендерлік саясат жүзеге асырылуда. Отбасына, ана мен балаға қолдау көрсетудің кешенді жүйесі қалыптасқан. Соның арқасында қазақ әйелдері биік белестерді бағындырып, ел дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосуда. Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабымен көтерілу, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, қоғам дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту жатады. Осы орайда «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы және “Алтын Орда” ҚҚҚ-ның ұйымдастыруымен “Тең мүмкіндіктер” жобасы аясында “Гендерлік теңдік — тұрақтылыққа тірек!” тақырыбында кездесулер топтамасы өтті.
Шараның басты мақсаты — гендерлік саясат, әйелдің қоғамдағы маңызы, отбасылық құндылықтарды арттыру секілді тақырыптарды көпшілікке жеткізу. Жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттеріне гендерлік зорлық-зомбылық бойынша ЮНФПА ұлттық кеңесшісі, сапалы зерттеулер бойынша халықаралық сарапшы, NLP тренері (M.A.NLP) Сағадат Сабитова дәріс оқыды.

-​Гендерлік саясат – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Гендерлік теңдік деңгейі жоғарылаған сайын, отбасы мүшелерінің әрқайсысының тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік- тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе- теңдігі де жоғары болатынын түсінуге тиіспіз. Гендерлік саясат дегеніміз-тең дәрежеде ерлер мен әйелдердің қоғамды бірлесіп дамытуы. Бұл саяси жүйеде ерді әйелден ерекшелеп, немесе әйелді ерлерден биік қою емес. Бұл дегеніміз екі жақ та тең дәрежеде өз құқықтары мен мүмкіндіктерін біркелкі пайдаланып, қоғамның дамуына, еліміздің алға қарай жылжуына үлес қосуы деген сөз, — деді Сағадат Ташболтқызы.
Жалпы, отбасылық гендерлік саясаттың негізгі бағыттарына: тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, суицидтің алдын алу, ажырасу, балалар тәрбиесі сынды мәселелер кіреді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ ӘЗІРЛЕНДІ

Next Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 60 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі