13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысының СЭБД мамандары өнімді бақылау мақсатында 369 тауардың сынамасын зерттеді

13 ноября, 2024
in Денсаулық
0
Түркістан облысының СЭБД мамандары өнімді бақылау мақсатында 369 тауардың сынамасын зерттеді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімді бақылау мақсатында сатып алу аясында ағымдағы жылдың тамыз-қазан айларында 369 тауарлардың сынамасын зерттеді. Сатып алынған 204 тамақ өнімінің 84 сынамасы, 165 өндірістік тауарлардың 52 сынамасы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сай емес екені анықталды.
Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды бұзушылықтардың 96,4%-тауарларды таңбалау көрсеткіші бойынша, 2,2%-микробиологиялық көрсеткіштер және 1,4% физикалық-химиялық көрсеткіштері бөлігінде.
 Талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерге өткізуден алып қою немесе кері қайтару түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің 72 Қаулылары қабылданып, келесі өнімдер контрагенттерге (жеткізіп берушілер) кері қайтарылды, олар: құс еті-13 кг, балық өнімдері-4,37 кг, кондитерлік өнімдер-49 кг, ұн-2 кг, ұн-жарма өнімі-18 дана, алкогольді сусын-1 л, алкогольсіз- 40,8 л, шай-25 дана, ашытқы-7 дана, жеміс-көкөніс өнімдері-550 гр, ойыншықтар-4 дана, парфюмерлік өнім-8 дана, жеңіл өнеркәсіп өнімдері-115 дана (о.і. мектеп формалары-114), тамақ өнімімен жанасатын тауарлар-87 дана. Жойылған тамақ өнімдері: алкогольсіз сусындар-1.8 л, кондитерлік өнімдер-1 кг.
Департамент дүкен сөрелерінен өнімдерді таңдау кезінде бірінші кезекте тауардың таңбалануын мән беруді ұсынады. Таңбалауда өнімнің атауы, дайындалған күні, шарттары мен сақтау мерзімдері, құрамы, тағамдық қасиеттері мен ерекшеліктері және өндіруші туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, ЕАС белгісімен таңбаланған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін расталып, барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін көрсетеді. Тауарды сатып алмас бұрын сатушыдан декларация, сәйкестік туралы сертификат, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік сияқты тауардың сәйкестігін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

Түркістан облысында зоонозды тері лейшманиозы аурушаңдығына талдау, өзекті мәселелер мен шешу жолдары

Next Post

Қаратау аудандық №1 ХҚКО жаңа ғимаратқа көшеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі