13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : Арыстың мұражайында саперларға арналған ерекше бұрыш ашылды

12 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан : Арыстың мұражайында саперларға арналған ерекше бұрыш ашылды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қалалық Орталық мұражайы ішінен 44859 әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілерді залалсыздандумен айналысатын инженерлік-саперлік батальон құрметіне арнайы бұрыш ашылды. Мұндағы мақсат — қауіпті оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ерен еңбегін мәңгілікке ұлықтау және ұрпаққа үлгі ету мақсатында қолға алынды.

Ашылу салтанатына ҚР Қарулы күштері инженерлік әскерлері департаментінің бастығы, полковник Руслан Жансейтов, қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Айбын әскери-патриоттық клубының жас сарбаздары және әскерилер мен қала тұрғындары, сала ардагерлері мен қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың туыстары қатысты.
Іс-шарада сөз алған полковник Руслан Жансейтов ел үшін жан қиған сарбаздардың ерлігін еске алу мақсатында ұйымдастырылған бұл бұрыштың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
— Батырлармен қоштассақ та, олар мәңгі есте қалады. Мұражайға өз келген әрбір қонақ біздің саперлеріміздің табандылығы мен адалдығының дәлелі болатын бірегей экспонаттарға жақын таныса алады. Біздің мысал өскелең ұрпақтың арасында әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз, — деп қосты полковник Жансейтов.
Музей ішінен ашылған арнайы аумақты саперлық батальонның қолданған құрылғылары, снаряд түрлері, және жауынгерлердің қызмет барысындағы фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың өмірбаяндарымен танысуға мүмкіндік бар.
Осы ашылу салтанатының бір бөлімі ретінде батальон арнайы көрме ұйымдастырды. Мұнда келген қонақтар саперлар қолданатын күнделікті құрал-саймандарды көріп, олардың қалай қолданылатынын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Киберқауіпсіздік басты орында: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандумға қол қойылды

Next Post

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан президенттері үш елдің энергетикалық жүйесін интеграциялау жөніндегі стратегиялық келісімге қол қойды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі