13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 900 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАМТЫЛҒАН

7 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ 900 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАМТЫЛҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Шымкентте жалпы халық саны 1 243 906 адамды құрайды. 935 230 азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылған. Оның ішінде 700 мыңнан астамы жеңілдік санатына кіретін азаматтар. Мемлекет ол тұрғындар үшін сақтандыру жарналарын төлеп, медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 308676.

Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамту мәселесі бойынша осы және өзге де мәліметтер «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен «Атамекен» медициналық оңалту орталығында өткен дөңгелек үстөл барысында айтылды. ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова жиынға қатысушыларға медициналық сақтандыру аясында атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады.

Дөңгелек үстөл барысында атап көрсетілгеніндей, МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық көмекке қолжетімділік артқан. Шымкентте жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 1000-нан астам жоғары технологиялық медициналық көмек пен 400 мыңға жуық медициналық оңалту қызметі көрсетілген.

Бүгінгі таңда кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша 70- ке жуық медициналық ұйым көмек көрсетеді. Инсульт, түрлі жарақаттар мен басқа да аурулардың асқынуында отадан кейін науқастардың аяққа тұрып, қалыпты өмірге оралулары оңалтуға байланысты. Сондықтан сақтандыру жүйесінде аталмыш ем-шараға да ерекше көңіл бөлінген.
Қалада бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жалпы 189 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, 155-сі жекеменшік медициналық ұйымдар.
ӘМСҚ Шымкент филиалы тарапынан жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері 15 медициналық ұйымда көрсетілген қызмет расталмаған 152 жағдай анықталған. Кемшілік орын алған емдеу мекемелеріне 4,5 млн -ға жуық теңге айыппұл салынған.

Previous Post

WTM London 2024 көрмесінде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды

Next Post

Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзара байланыс саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі