13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент гарнизоны қысқы кезеңге көшуде

1 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкент гарнизоны қысқы кезеңге көшуде
Share on FacebookShare on Twitter

Төмен температурада және күрделі метеорологиялық жағдайларда әскери техника мен қару-жарақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстарды өтуде.

Техниканы қысқа дайындау бірнеше кезеңнен тұрады: әскери техника санына керекті жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ басқа да материалдық құралдарды есептеу, ұйымдастыру құжаттарын әзірлеу, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, парктер мен парк үй-жайларын техниканы ауыстыруға және қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау, ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ ауыстыруды қорытындылау.
Бөлім командирлері атап өткендей, техниканы қысқа дайындау ауа райының суығанына дейін басталады. Барлық бөлімшелердің командирлері жанар-жағармай материалдарының, қосалқы бөлшектер мен техникалық қызмет көрсету құралдарының қажетті мөлшерін есептеуді қамтитын іс-қимыл жоспарын алдын ала жасайды.
Әскери қызметшілер техниканың әрбір бірлігі мен бқліктерін мұқият тексереді. Олар жауынгерлік машиналардың тораптары мен агрегаттарын тексереді, сүзгілерді жуады немесе ауыстырады. Әр бөліктің жарамдылығына көз жеткізгеннен кейін, олар аккумуляторлар мен электр жабдықтарын жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысады, осылайша техника қыстың ең қатал күндерінде де үздіксіз жұмыс істей алады.
Танк батальон командирінің материалдық- техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, майор Абдуали Әкбәрәліұлы, осы іс-шаралардың маңыздылығы туралы айтып, жұмыстың әр кезеңінде қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қатаң нормалар мен ережелер сақталатынына ерекеше назар аударды.
— Жауынгерлік міндеттерді орындау ғана емес, әскери қызметшілеріміздің қауіпсіздігі де техникамыздың дайындығына байланысты. Біз әрбір машинаның кез келген жағдайда пайдалануға дайын екеніне сенімді болуымыз керек, – деп атап өтті ол. Бұл мәлімдеме әскери қызметшілердің мойнында болатын жауапкершілік деңгейін тағы да айқындайды.
Барлық дайындық шараларының аяқталуы қараша айының бастапқы күндеріне жоспарланған, содан кейін қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ парктер мен парк үй-жайларының дайындығы тексеріледі. Бұл дайындық процесінің соңғы кезеңі болады, ол барлық машиналар мен жабдықтардың қыс мезгілінде пайдалануға толық дайын екендігін растайды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі