13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Әлемде

Биыл Парижде ұшатын такси сынақтан өтеді

2 февраля, 2021
in Әлемде
0
Биыл Парижде ұшатын такси сынақтан өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың жазында қытайлық EHang компаниясы Париж қаласында әуе таксиін сынақтан өткізеді. Франция астанасында қалалық әуе такси мен дрондарды енгізу жұмысын жеделдету үшін бірқатар эксперименттер жасалмақ.

Бұл туралы украиналық nv.ua ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Понтуаз аймағында ұшқышсыз әуе таксилерінің рейстері ағымдағы жылдың шілде айында басталады деп күтілуде. Сынақтар Францияның Азаматтық авиация басқармасы Еуропалық Одақтың авиациялық қауіпсіздік агенттігінің қолдауымен жүзеге асады.

Еске салсақ өткен жылдың қазан айында француз шенеуніктері арнайы сынаққа дайындық үшін сайыс жариялаған еді. Ол үшін 25 елден 150 өтінім жіберілген. Нәтижесінде көлік инфрақұрылымын дамыту, авиациялық операциялар, әуе кеңістігін интеграциялауға мамандандырылған қатысушылар арасынан  30 жеңімпаз анықталған.

Таңдалған ұйымдар, академиялық мекемелер мен компаниялардың қатарында Airbus, Vertical Aerospace, Ehang, Zipline, Safran секілді ұшақ әзірлеушілер, сондай-ақ Air France операторлары, швейцариялық қуаттау инфрақұрылым саласынан Green Motion компаниясы, Skyports британдық тікұшақ дизайнері және ONERA француздық зерттеу авиациясы бар.

«30 қыркүйекте сынақ аймағының ашылуы қалалық әуе мобильді секторын жаңа кезеңге жетеледі. Серіктес ретінде біз 2024 жылғы Олимпиада ойындары қарсаңында жаңа заманауи технологияны дамытуға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз »,-деді RATP Group компаниясының төрайымы Катрин Гийуар.

Осыған дейін NV.UA сайты 12 қарашада “Оңтүстік Кореяның  қалалық әуе мобильдігін коммерциялау — 2025” бағдарламасы аясында Сеулдың Ёвидо үстінен ұшқышсыз таксидің ұшырылғанын жазған болатын. Сынақты өткізу мақсатында қытайлық EHang компаниясының әуекөлігі пайдаланылды. Ал оның бортында ешкім болмаған. Қытайлық EHang өндірушісінің әуекөлігі теңіз деңгейінен 50 метр биіктікте жеті минуттай 1,8 км ұшып өткен.

Ұшқышсыз ұшатын құралды Оңтүстік Корея мамандары жасаған K-dron жаңа бағдарламасы басқарады. Бұл жүйе бір уақытта бірнеше дронды басқаруға қауқарлы. Яғни дрондар бір-бірімен соқтығыспас үшін олардың бағытын әзірлейді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы ұсталды

Next Post

Түркістан облысының жаңа «Тұран» футбол командасы құрылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі