13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Салалық кеңестердің құрамы бекітілді

28 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Салалық кеңестердің құрамы бекітілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестердің отырыстары өтті. Жиындарға Палата директоры Сабира Адамбекова және орынбасарлары, кеңестердің үйлестірушілері, кәсіпкерлер қатысты.

Директордың төрағалығымен өткен жиындарда салалық кеңестердің құрамдары жаңартылып, мүшелері бекітілді. Сонымен қатар жаңа кеңестердің төрағалары сайланды.

Сабира Адамбекова алдымен кәсіпкерлерге Палатаның жұмысын таныстырып, салалық кеңестердің маңызы туралы айтып өтті.

«Кәсіпкерлер палатасының жанында түрлі салалық кеңестер жұмыс істейді. Онда белгілі бір бағыттың, саланың кәсіпкерлері жиналып, туындаған проблемалар көтеріледі, шешу жолдары мен ұсыныстары талқыланады. Қажет болған жағдайда орталық немесе жергілікті атқарушы органдарға шығып, проблема көтеріледі. Жалпы, әр салалық кеңестің кемінде тұрақты 13 мүшесі және қосымша сала өкілдері болуы керек. Сонымен қатар бұған дейін 6 салалық кеңес болса, енді атқарылатын жұмыстардың ауқымына байланысты кеңес санын 9-ға жеткізіп, әр саланың өзіне қатысты кеңес құрылып жатыр. Осыған байланысты кеңес құрамын бекітіліп, төрағаларын сайлауды ұсынамын», – деді Сабира Адамбекова.

Бұған дейін кеңестердің құрамы жаңартылатыны жайлы хабарландыру жарияланып, кеңес құрамында қызмет етуге ниет білдірген кәсіпкерлер тиісті өтініштерін ұсынған. Сол кәсіпкерлерден салалық кеңестердің құрамы жаңартылып отыр.

Осылайша Сабира Адамбекова әр салалық кеңестің негізгі мақсаттары және құрамымен таныстырып өтті. Бұдан кейін салалық кеңес мүшелері өз араларынан төрағаны ұсынып, бірауыздан сайлады.

Сонымен қатар, жиындарда салалық проблемалар да көтеріліп өтті. Атап айтқанда кәсіпкерлер отандық тауарөндірушілерді контрафакті өнімдерден қорғау жөнінде және мемлекеттік қолдау шаралары туралы пікірлерімен бөлісті. Ал құрылыс компанияларының өкілдері шетелдік жүк көліктерінің қала ішіндегі жолдарда жүруіне салынуы жоспарланып отырған тыйымдарды кеңінен талқылады.

Кәсіпкерлер палатасы кеңес отырыстарында енгізілген ұсыныстарды алдағы уақытта тиісті мемлекеттік органдармен бірге талқылауды жоспарға енгізді.

Previous Post

Шымкенттіктер "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауқымды тазалық шарасын өткізді

Next Post

Әскери дайындық оқытушылары әскери бөлімде оқудан өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі