13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигондарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

23 октября, 2024
in Денсаулық
0
Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигондарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Share on FacebookShare on Twitter

Қалдықтар дегеніміз — тікелей қолдану орны жоқ және оны өңдеудің техника және экономика тұрғысынан тиімді технологиясы жоқ тастанды заттарды айтады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға (бұдан әрі – ҚТҚ) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-331/2020 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығында көрсетілген.
ҚТҚ шығаруға қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар: елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте, бірақ кемінде 1,5 м биіктікте қоршайды.
ҚТҚ полигонының, қоқыс үйінділерінің меншік иесі полигоннан (ұйымдастырылған қоқыс үйіндісінен) шығатын жерде қоқыс тасымалдайтын көліктердің дөңгелектерін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы бетон ванна орнатады. Ваннаның ұзындығын кемінде 8 м, енін 3 м, тереңдігін 0,3 м етіп көздейді.
ҚТҚ полигоны, қоқыс үйіндісі аумақтарының барлық периметрі бойынша жеңіл қоршау, тереңдігі 2 м-ден асатын кептіру траншеясын немесе биіктігі 2 м-ден аспайтын топырақ үйінділерін орнатады.
ҚТҚ жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлерді қолданады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциядағы ыдыстарды пайдалануға жол беріледі.
Субъект (ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі) контейнерлерді пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзіміне байланысты орнатылатын контейнерлердің санына жүргізілген есептеуді ескере отырып орналастырады. Контейнерлердің есепті көлемі қалдықтардың іс жүзінде жиналуына сәйкес келеді.
ҚТҚ шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі 0оС және одан төмен температурада үш тәулік.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

Корей импорттаушылар қауымдастығы Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын

Next Post

ТҮРКІСТАНДА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ТАРИХИ БОЛМЫСЫ АШЫЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі