13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жұмыс берушілер 42 500 теңге төлеуге міндеттелуі мүмкін

1 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Жұмыс берушілер 42 500 теңге төлеуге міндеттелуі мүмкін
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастырмағаны үшін өтемақы жарнасын төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа норма азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасында көзделген.Кәсіпорындар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жоқ деп сылтауратады, — дейді еңбек министрі.

«Халықаралық тәжірибені ескеріп, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындаудың баламасы ретінде жұмыс берушілер үшін өтемақы жарналарын 2023 жылдан бастап енгізуді ұсынамыз», — деді Шәпкенов бүгін мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында.

Оның айтуынша, қазір ауыр жұмысты, еңбек жағдайы зиянды, қауіпті жұмыс орындарын қоспағанда, мүгедектер үшін қызметкерлердің жалпы санының 2%-нен 4%-не дейін жұмыс орындарына квота белгіленеді. Алайда бұл талап мүлде орындалмайды, кәсіпорындар жарымжан жандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жоқ деп сылтауратады.

«Біз шет елдердің тәжірибесін зерделедік. Оларда квотадан бөлек, өтемақы жарналары бар екен. Өтемақы жарнасы үшін арнайы жеке қор құрылмайды. Ақша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына шоғырландырылады және ол оператор болады. Жиналған қаражат есебінен мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істей алатын кәсіпорындарда жұмыс орындарын құрамыз», — деп түсіндірді министр.

Еңбек вице-министрі Ерлан Әукенов кәсіпорын жұмысқа орналастырмаған бір мүгедек үшін бір тоқсанда 42 500 теңге төлейтінін нақтылады.

Министрлік өтемақы жарнасын енгізудің арқасында 2025 жылға қарай мүгедек адамдарды жұмыспен қамту үлесін 30 процентке дейін жеткізуді көздеп отыр.

Previous Post

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды 

Next Post

9000-ға жуық қазақстандықтың арнайы шоттарына алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдерін алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі