13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесті

28 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. Облыс әкімі өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша тоқталып, инвесторлармен байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді. Тараптар өңіраралық байланыстырды дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы бірқатар жобаларды талқылады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін өңдеу, мәдениет пен туризмді дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстармен бөлісті. «Өңіраралық байланыстырды дамыту біз үшін өте маңызды. Әр инвестормен жеке-жеке жұмыс істейміз. Мен өзім барлық инвесторлармен тікелей байланыстамын. Сіздермен де тұрақты түрде байланыс орнатып, жемісті жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін», — деді облыс әкімі. Облыс әкімі инвесторларды Түркістан облысында көкөністерді өндіру мен өңдеуді кеңейту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Дархан Сатыбалды жергілікті билік жобаны қолдауға дайын екендігін айтып, нысанды анықтау бойынша бірлесіп шаралар жүргізуге қатысты жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Шетел инвесторларының кептірілген жемістер өңдейтін жеке зауыттары бар. Компания кептірілген жемістерді, соның ішінде кондитерлік мейіз бен құрманы импорттаумен, сондай-ақ зығыр, бидай, ұн және күнбағыс майы сияқты ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаумен айналысады. Қазақстандағы және Ресейдегі ірі зауыттарды кондитерлік мейізбен қамтамасыз етеді және Ауғанстандағы компания арқылы тауарларды жақын және алыс шетелдерге экспорттайды.

Previous Post

Түркістан облысының әкімі инвесторлармен жүздесті

Next Post

ТҮРКІСТАН: Этносаралық татулыққа негізделген семинар өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі