13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асады

9 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асады
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиында оннан астам жобаның жүзеге асырылу барысы, қазіргі жай-күйі сарапталып, өзекті мәселелер қаралды. Түркістан облысында жұмыс орындарын ашатын жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында оннан астам жобаның жүзеге асырылу барысы, қазіргі жай-күйі сарапталып, өзекті мәселелер қаралды. Штаб отырысында инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша ағымдағы жағдайы таныстырылды. Мәселен, Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытың құрылыс жұмыстары және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы «Саутс ойл» компаниясының вице-президенті Абзал Менлибеков баяндады. Аталған жобаның І кезеңі 2025 жылы жүзеге асады, 300 жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге Түлкібастағы каустикалық сода зауытының құрылыс барысы туралы да мәлімет берілді. Инфрақұрылымы жасақталуда, жұмыс жүріп жатыр. 2025 жылы ашылатын өндіріс орнында 1000 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал Келес ауданындағы 51 га жылыжай кешеніннің жобасын «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның 1 кезеңіндегі жылыжай кешен құрылыс жұмыстары жөнінде және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс барысы туралы баяндалды. Облыс әкімі инвесторға жұмыстың кешеуілдеп жатқаны жөнінде сын-ескертпе айтты. Жұмысты ширату тапсырылды. Мәжілісте Сауран ауданында кептірілген жемістерді өндіру, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді өңдеу зауытын салу бойынша «Талифа» ЖШС өкілінің пікірі тыңдалды. Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-нің құрама жем зауыты жобасының жергілікті бюджеттен сыртқы инфрақұрылымды жүргізуге 551 млн теңге бөлінген. Түркістан облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан сыртқы инфрақұрылым жүргізу бойынша мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланған. Сондай-ақ мал сою комбинаты және жануарлардың қалдықтардын терең өңдеу зауытының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша және мал сою, қалдықтарды қайта өңдеу және мал сою пункттері үшін 140 га жер учаскесі анықталып, 60 га жер учаскесі сатып алынған. Тиісті жұмыс жүруде. Сонымен қатар «Nurym Group» ЖШС-нің замануи мал базары жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде және жобаға қажетті 38.3 га жер учаскесі сатып алынып, құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, Арыс қаласында «Turkestan agro.kz» ЖШС-нің 1380 га жерге жаңбырлату жүйесін енгізіледі. Аталған жобалар бойынша компанияның негізін қалаушысы Сырым Ертаев баяндады. «Жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері әрбір инвестор мен кәсіпкерге қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді жалғастырсын. Инвесторлар мен кәсіпкерлер де жобаны уақтылы жүзеге асыруға күш салулары тиіс. Өндіріс орындарын, жаңа зауыттар мен цехтар ашу – басым бағытымыз», – деген Дархан Сатыбалды осы салаға қатысты басшыларға тапсырмалар берді. Инвестициялық штаб отырысында өзге де инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары сараланды. Кестеден кешігіп жатқан кәсіпкерлерге жұмысты ширату, жеделдету тапсырылды. Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірлік инвестициялық штабтың жоспары жүйеленіп, бастамалар жандана түсті. Бүгінгі таңда өңірде инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.

Previous Post

Қазақстан мен Өзбекстан $7 млрд көлемінде инвестициялық жобалар мен сауда келісімдерін жүзеге асыруға келісті

Next Post

ТҮРКІСТАН: Индустриалды аймақтар инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі