13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстанда стратегиялық инвесторларды қолдаудың жаңа құралын енгізді

1 февраля, 2021
in Экономика
0
Қазақстанда стратегиялық инвесторларды қолдаудың жаңа құралын енгізді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет Басшысының инвесторларды одан әрі қолдау және стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда ағымдағы жылдың басынан бастап инвесторлар Парламентте ратификациялаусыз Үкіметпен инвестициялар туралы келісімді тікелей жасасуға мүмкіндікке ие болды.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне бизнес ортаны жақсартуға және инвестициялық ынталандыруды кеңейтуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді. Үкімет сондай-ақ инвестициялар туралы келісімдер үшін салалардың басым түрлерін айқындады. Сондай-ақ, инвесторлар мен Үкімет әрбір жоба үшін преференциялар пакетін берудің атаулы тәртібі туралы ортақ келісімге келуге мүмкіндік беретін нормалар бекітілді.

Келісім үшін салық және еңбек заңнамасының нормаларына ерекше назар аудара отырып, 25 жыл мерзімдегі заңнаманың тұрақтылығы көзделген.

Инвестициялар туралы келісім фармацевтика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдерін, медициналық бұйымдарды өндіру және т.б. сияқты стратегиялық маңызды салаларда кемінде 7,5 млн. АЕК ($51 млн) мөлшеріндегі инвестициялар көлемін көздейтін ірі жобаларды тиімді іске асыру мүмкіндігін ашады. Қолданыстағы инвестициялық келісім-шарттан айырмашылығы, ірі инвесторлар үлгілі немесе стандартты нысанды сақтамай, Үкіметпен келісімдер жасай алады. Ұсыну тәртібі мен қолдау құралдары да келісімде жеке белгіленетін болады.

Инвестициялар туралы Келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлар корпоративтік табыс салығына, мүлік салығына, жер салығына, сондай-ақ, егер жоба АЭА аумағында іске асырылатын болса, қосылған құн салығына қатысты салықтық каникулдарды ала алады. Сонымен қатар, инвесторлар салық міндеттемелерін 20 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Салықтық демалыстан басқа, мемлекет инвесторларға құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды сатып алу құнының 20%-на дейін өтейтін болады.

Айта кету керек, инвестициялар туралы келісім шеңберінде салықтар бойынша преференциялар алуға тыйым салу жер қойнауын пайдаланушылар мен акцизделетін тауарларды өндірушілер үшін көзделген.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы «Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталады

Next Post

Түркістанда шығыс стиліндегі тұрғын үйлер салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі