13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қытай бизнесіне қант зауытының құрылысы мен астықты терең өңдеуге инвестиция салу ұсынылды

24 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қытай бизнесіне қант зауытының құрылысы мен астықты терең өңдеуге инвестиция салу ұсынылды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің (ҚКП ОК) Бірыңғай фронт жұмыс бөлімі министрінің орынбасары және Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Инмен кездесті.

Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты, әсіресе сауда-экономикалық саланың қарқынды дамып жатқанын атап өтті.

«Қытай дәстүрлі түрде Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады және экономикасына инвестиция салатын топ-5 елдің қатарына кіреді. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, рекордтық $41 млрд-қа жетті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауар айналымының өсуі шамамен 20%-ды құрап отыр», — деп мәлімдеді вице-премьер.

2005 жылдан бастап Қытайдан Қазақстанға тартылған жалпы инвестиция көлемі $25 млрд-қа жуықтады. Тек өткен жылы тікелей қытайлық инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, $1,6 млрд-тан асты. Бүгінде бірлескен инвестициялық жоба саны 90-нан асып, энергетика, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, білім беру, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

«Бүгінде елімізде қытай капиталының қатысуымен 30 мыңға жуық бірлескен компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың шамамен төрттен бірі соңғы жылы ғана қосылды. Бұл қытай іскер топтардың Қазақстандағы бизнес-климатқа жоғары сенім білдіретінін және біздің серіктестігіміздің тұрақтылығы мен өнімділігін дәлелдейді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ вице-премьер өзара іс-қимылдың әлеуетін күшейтудің кең ауқымды бағыттарын атап өтті. Атап айтқанда, Серік Жұманғарин қант саласын дамыту аясында қант зауыттарын салуға инвестиция салуды ұсынды. Сонымен қатар ол астықты терең өңдеу кәсіпорындарының санын арттыруға қызығушылық бар екенін атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан ұқсас және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Анықтама: 1953 жылы құрылған Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы (ACFIC) – Қытайдың халықтық ұйымы және үкіметтік емес сауда палатасы. ҚХР-ның өнеркәсіпшілері мен бизнесмендерінен тұрады. ACFIC штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Федерацияның провинциялық, муниципалдық және аудандық деңгейлерде 3200-ден астам жергілікті бөлімшелері, сондай-ақ қалалық аудандарда, қауымдастықтар мен ауылдарда 5,5 млн-нға жуық бастапқы бөлімшелері бар. Федерацияның бүкіл ел бойынша 5,1 млн тіркелген мүшеcі бар.

2023 жылы Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы $31,5 млрд (+30,1%) құрады. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында – $14,1 млрд (+3,8%).

Previous Post

Кейтерингтік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар қандай?

Next Post

Астанада WALS-2024 халықаралық конференциясы басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі