13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Берлин Еуразиялық клубының 41-ші отырысында ESG қағидаттарын енгізу перспективалары талқыланды

17 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Берлин Еуразиялық клубының 41-ші отырысында ESG қағидаттарын енгізу перспективалары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақстан мен ЕО/Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықта ESG қағидаттарын сақтау» тақырыбындағы Берлин Еуразиялық клубының (БЕК) 41-ші отырысы өтті.

Іс-шараға қазақстандық және еуропалық мемлекеттік органдардың, іскерлік қауымдастықтардың, сараптамалық, ғылыми, бизнес-қоғамдастықтың және қаржы мекемелерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко өзінің алғы сөзінде Германия Федералдық Канцлері Олаф Шольцтың ү.ж. 16-17 қыркүйекте Астанаға ресми сапарының негізгі қорытындыларын атап, Қазақстанда ESG-қағидаттарын (environmental, social and governance) енгізу тәжірибесі туралы айтып берді.

«Қазақстанға сапар барысында Германия Федералдық Канцлері Олаф Шольц пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БЕК жұмысына жоғары баға берді. Осы диалогтық платформасының тиімділігінің арқасында біздің іскерлік әріптестігіміз өзара іс-қимылдың жаңа форматтарында ілгерілеуде. Мәселен, Президент Қ. Тоқаев пен Канцлер О. Шольцтың қатысуымен өткен қазақ-герман бизнес-форумы аясында жалпы сомасы 6,3 млрд АҚШ доллар құрайтын 41 құжаттарға қол қойылды», — деп хабарлады Р. Василенко.

Министрдің орынбасары, сондай-ақ еуропалық әріптестерді экономиканың барлық секторларында экологиялылық қағидаттарын қолдануды ескере отырып, республикаға инвестицияларды кеңейтуге шақырды. Р. Василенко «Қазақстан экологиялық пен орнықты даму негізінде экономиканы қалыптастыруға арналған жаңа экономикалық парадигманы ілгерілетіп, тұрақты жеткізу тізбегі туралы еуропалық және герман заңдарына сәйкес келетін бизнес міндеттемелерін енгізіп, эмиссиялық кредиттер саудасы жүйесін дамытып жатқанын» атап өтті. Қазақстан Республикасында 2060 жылға қарай климаттық бейтараптыққа қол жеткізудің стратегиялық мақсаты атап өтілді.

Еуропалық Комиссия атынан Энергетика бойынша Бас директораттың халықаралық қызметкері Сирил Луазель Қазақстанның қабылдап жатқан шараларын құптап, олардың арасында HYRASIA/Svevind компаниясы жүзеге асырып жатқан «жасыл» сутегін өндіру бойынша ауқымды жобаны, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық метан уәдесіне қосылуын атап өтті. Еуропа мен Орталық Азия арасындағы электр желілерінің өзара байланысын дамыту перспективалары және осы саладағы жобаларды дер кезінде жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.

Гибридтік форматта өткен талқылауға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев (онлайн), БЕК Консультативтік кеңесінің төрағасы Питер Тильс, Германия экономикасының Шығыс комитетінің жасыл көшу жөніндегі директоры Йенс Бёльманн, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басқарма төрағасы Дидар Кәрімсақов, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің өнімдер жөніндегі басқарушы директоры Данияр Келбетов және т.б. қатысты.

Қазақстандағы ESG қағидаттарының жетекші драйверлерінің бірі қаржы секторы екені аталып өтті. Банк және қаржы институттарында, оның ішінде жаңа жобаларды қаржыландыру кезінде ESG тәсілдерінің ашықтығын ынталандыруға және арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Қатысушылар ESG қағидаттарына сәйкес тұрақты бизнеске көшу экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және халықаралық экономикалық байланыстарды дамыту үшін барған сайын маңызды факторға айналып келе жатқанымен келісті. Және бұл салада Қазақстан Республикасы мен еуропалық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету ерекше маңызға ие.

Анықтама: Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы құрылған. Клуб қызметі Қазақстан, Орталық Азия және Еуропалық Одақ арасындағы қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық және білім беру салаларындағы диалогты қолдауға бағытталған. Клуб платформасы саясаткерлерге, бизнесмендерге, ғалымдар мен сарапшыларға қазақ-герман күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңістірді», ашық пікір алмасуға және одан әрі ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Previous Post

Астанада ҚР мен ҚХР-ның индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

Next Post

Кентауды дамыту жұмыстары күшейтілуі тиіс — Дархан САТЫБАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі