13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысына 17 мыңнан асы шетелдік турист келген

15 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысына 17 мыңнан асы шетелдік турист келген
Share on FacebookShare on Twitter

eQonaq – туристік ағынды және көші-қонды бақылауды жинауға және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе. Түркістан өңіріне қызығушылық танытушылар қатары артып келеді. eQonaq ақпараттық жүйесіне жыл басынан бері Түркістан облысына келген 17419 шетелдік қонақ тіркелген. Атап айтсақ, Өзбекстаннан 10 920, Ресейден 1425, Қытайдан 989, Түркиядан 751, Қырғызстаннан 438, Үндістаннан 368, Франциядан 300, Германиядан 217, АҚШ-тан 192, Италиядан 177 азамат келген. Сонымен қатар eQonaq жүйесі қонақтар ең көп тоқтаған үздік 5 қонақ үйдің тізімін ұсынды. Бірінші орында – 2317 туристті қабылдаған «Karavansaray Turkistan» қонақ үйі, екінші орында – 1891 қонақты күткен «Hampton by Hilton» қонақ үйі, үздік үштікте 821 шетелдік орналасқан «Rixos Turkistan» қонақ үйі бар. Бұдан бөлек, «Grand Khanaka» қонақ үйіне 274 турист, «Silk Way Turkistan» қонақ үйіне 218 шетелдік қонақ тоқтаған. eQonaq – туристік ағынды және көші-қонды бақылауды жинауға және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе. Аталған жүйе орналастыру орындарының бірыңғай реестрін құру, туристердің келу-кету әрекеттерін бақылау және есепке алу, турист ағымын және портретін сараптау, сондай-ақ туристердің тұрақтау кезіндегі тұрмыс сапасын жақсартуға арналған алуан қызметтерді ұсынады. Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі туризм саласын дамыту бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасында туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, «Open Turkistan» мен аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарастырылған. Нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен ішкі туристердің санын 25%-ға, шетелдік туристердің санын 2,5 есеге, туризм саласындағы қызмет көлемін 30%-ға жеткізу күтілуде.

Previous Post

Түркістан облысының әкімі қытай делегациясымен кездесті

Next Post

Астанада қазақ-румын ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері белгіленді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі