13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан СІМ басшысы Люксембургке сапар жасады

15 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан СІМ басшысы Люксембургке сапар жасады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембург Ұлы Герцогтігіне ресми сапар жасады.

Сапар барысында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Люксембург Премьер-Министрі Люк Фриденмен және Люксембург Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Ксавье Беттельмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерімен қатар қаржы технологиялары, «жасыл» энергетика арқылы тұрақты даму, фармацевтика және көлік инфрақұрылымы жобалары сияқты келешегі бар бағыттарды талқылады. Екі елдің іскерлік қоғамдастықтары үшін мүмкіндіктерді кеңейту және экономикалық байланыстарды нығайту қажеттілігі расталды.

Премьер-Министр Люк Фриден «Люксембург Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді серіктес ретінде қарастыратынын және елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін үлкен әлеует бар екенін» атап өтті. Ол қазақ тарапының экономиканың негізгі салаларын жаңғырту және озық технологияларды енгізу жөніндегі ұмтылыстарын қолдауға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан СІМ басшысы Люксембургты Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі ретінде атап өтті. 2005 жылдан бастап Люксембургтен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне де назар аударып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері бойынша ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Люксембург Сыртқы істер министрі К. Беттель Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті. Елдерімізді жаһандық сын-қатерлерге қатысты ортақ көзқарастар біріктіретіні айтылды. Люксембург Қазақстанмен халықаралық қауіпсіздік және орнықты даму мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын, өйткені БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен жұмыс үшін үлкен мүмкіндіктер бар деп санайды.

Кездесулер соңында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды барлық деңгейде нығайтуға және өңірлік пен жаһандық маңызды мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдар аясында белсенді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін растады.

Previous Post

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркістан облысында болды

Next Post

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық диалогты тереңдетуге ниетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі