13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының Жалпы саяси дебаттарында сөз сөйледі

28 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының Жалпы саяси дебаттарында сөз сөйледі
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңорынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының Жалпы саяси дебаттарында сөз сөйледі.

Өз сөзінде М. Нұртілеу ағымдағы отырыс жаһандық қауіпсіздік жүйесі күйреуалдында тұрған сыни сәтте өтіп жатқанын атап өтті. «Ондаған елдер қақтығыстар ментұрақсыздыққа ұшырап, мыңдаған адамның өмірін қиды, ал бүкіл континенттер климаттықдағдарыстан зардап шегуде», – деді ол.

ҚР СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының алдыңғы сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік»бастамасын іске асыру қажеттігін еске салды. Ол жаһандық мәселелерді шешуге ортадержавалардың белсенді қатысуына шақырды: «Орта державалар мен дамушы елдердіңдауыстары келіспеушіліктерді еңсеру және тұрақты халықаралық қауіпсіздікархитектурасын құру үшін маңызды».

Қазақ дипломаты өз сөзінде ядролық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назараударды. «Ядролық қатерлер риторикасының күшеюі ядролық қаруды таратпау туралышартты және барлық ядролық державалардың ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қатаң сақтауды талап етеді», — деп атап өтті Министр.

Климаттық сын-қатерлер туралы айта отырып, М. Нұртілеу дамыған елдер менхалықаралық қаржы институттарын Париж келісімінің ережелеріне сәйкес табысы төменжәне орташа елдерге жасыл технологиялар мен жеңілдікті қаржыландыруды ұсынуғажәрдемдесуге шақырды.

Министрдің айтуынша, Қазақстан 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит өткізудіжоспарлап, өз үлесін қосуға ниетті.

СІМ басшысы Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан Әділетті Қазақстанды құружөніндегі реформалар шеңберінде елімізде өлім жазасы жойылғанын, балалар менәйелдерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, азаптауғамүлдем төзбеушілік саясаты жүргізіліп жатқанын және ұлттық алдын алу тетіктерінығайтылғанын атап өтті.

Осы тұрғыда сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның Орталық Азиябасқа елдерімен және Моңғолиямен бірлесіп өлім жазасынан босатылған алғашқы өңірболу бастамасы туралы хабардар етті.

2030 жылға дейін орнықты даму саласындағы күн тәртібін орындау мерзімініңжақындауы контестінде, сондай-ақ өңірдегі БҰҰ агенттіктерінің қызметін үйлестірудікүшейту тұрғысынан Министр БҰҰ-ға мүше елдерді Алматыда Орталық Азия менАуғанстан үшін орнықты даму жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы ҚРбастамасын қолдауға шақырды.

Теңізге шығатын жолы жоқ ірі ел бола отырып, Қазақстан осы мемлекеттер тобыныңмүдделерін белсенді түрде ілгерілетуде. «Прогреске қарамастан, біз Вена іс-қимылбағдарламасын толық жүзеге асырудан алыспыз. Сауда мен көлік дәліздерін дамытубойынша шектеулі мүмкіндіктер біздің осалдығымызды күшейтіп, борыштық жүктеменіұлғайтып, инвестиция көлемін қысқартады», — деп атап өтті министр. Қазақстан қазірдіңөзінде Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торапқа айналды және позицияларды одан әрі нығайту үшін «Бір белдеу, бір жол» жобаларымен, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізімен және Транскаспий маршрутымен синергияныкүшейтуді жоспарлап отыр.

М. Нұртілеу цифрлық трансформацияның маңыздылығын жеке атап өтті: «2030жылға дейінгі цифрлық күн тәртібі технологияларға тең қол жетімділікті талап етеді.Жасанды интеллекттің дамуы бізге киберқауіптер мен деректер қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жаңа қиындықтар туғызады». Министр этикалық стандарттарды әзірлеу үшінжасанды интеллект мәселелері жөніндегі БҰҰ Кеңсесін құру уақтылы шешім екенін атап өтіп, БҰҰ-ның осы процестердегі рөлін күшейтуді ұсынды.

Қорытындылай келе, Қазақстан СІМ басшысы Болашақ саммиті мен БҰҰ БасАссамблеясының ағымдағы сессиясы барлық ұрпақ үшін жарқын, инклюзивті және қауіпсізболашаққа жол ашатын маңызды қадамдар болатынына сенім білдірді: «Бұл іс-шараларбіздің ортақ болашағымыз үшін өзгерістерге жол ашсын».

Previous Post

«C5+1» министрлік кездесуі туралы

Next Post

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында ҚР мен БҰҰ ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі