13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіптік аурулардың алдын алу

18 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Кәсіптік аурулардың алдын алу
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбек ету процесінде жұмысшыларға өндірістік ортаның және еңбек процесі факторлары әсер етеді, бұл жұмысшылардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Зиянды факторлардың гигиеналық нормалардан ауытқуы неғұрлым жоғары болса және мұндай фактордың әсері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым кәсіптік аурудың болу ықтималдығы жоғары болады.
Кәсіптік ауруларды болдырмаудың маңызды әдісі кәсіптік аурулардың алдын алу болып табылады – бұл жұмыс орнындағы зиянды өндірістік факторлардың жағымсыз әсерінің алдын алу.
Ең алдымен бұл технологиялық шаралар – өндіріс технологиясын өзгерту, қолданыстағы өндірістік циклдарды зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын экологиялық таза және жабық технологиялық процестермен ауыстыру болып табылады.
Санитарлық-гигиеналық шаралар зиянды өндірістік факторлармен жанасатын қызметкерді тікелей қорғауға бағытталған. Оларға қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын міндетті түрде қолдануы – арнайы киім, аяқ киім, көзілдірік, құлаққап, шуылға қарсы құлаққап, дулыға, қорғаныс қолғаптары, респираторлар және противогаздар кіреді. Жұмыс пен демалысты кезекпен ауыстыру, реттелген үзілістер, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет.
Емдік-профилактикалық іс-шаралар міндетті түрде алдын ала және кезекті медициналық тексерулер ұйымдастырып қажетті сауықтыру және емдік шаралар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.Әкімшілік шаралардың да маңызды зор, олар технологиялық процестерді қатаң реттеу, еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылайды.
Осы профилактикалық шаралардың барлық түрлерін бірге қодану өндірістік факторлардың зиянды әсер ету қаупін айтарлықтай төмендетеді, сол арқылы жұмысшылардың денсаулығы мен өнімділігін сақтауға және кәсіптік аурушаңдықты төмендетуге көмектеседі.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

Қазақстан мен ЕО парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Next Post

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМДЕРІ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ БҰЗЫЛЫП КЕЛГЕН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі