13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Моңғолиямен ынтымақтастық Қазақстан делегациясының Ұлан-Батырға сапарының назарында

27 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Моңғолиямен ынтымақтастық Қазақстан делегациясының Ұлан-Батырға сапарының назарында
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бастаған қазақстандық делегацияның Моңғолияға жұмыс сапары өтті.

Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Лханаажавын Мөнхтушигпен кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын салыстырды.

Дипломаттар Астана және Ұлан-Батыр арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға келісті.

Моңғолия Жол-көліктік даму министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Сухбаатарын Батболдпен келіссөздерде сұхбаттастар екі елдің көлік-логистикалық ынтымақтастығының ағымдағы мәртебесі мен перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Моңғолия Мәдениет, спорт, туризм және жастар істері министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Чимэдцэрэнгийн Цэвэгдоржбен өткен кездесу барысында тараптар осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар жақын арада бірлескен іс-шаралар өткізуге және шығармашылық ұжымдармен алмасуға баса назар аударды.

Ә.Бақаевтың сапары бағдарламасының тағы бір маңызды тармағы Моңғолия Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Жадамбаагийн Энхабаярмен кездесу болды.

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы мазмұнды пікір алмасу өтті. Тараптар аграрлық секторда жоғары технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасуға келісті.

Сапар соңында тараптар жаңа даму тетіктерін айқындау мақсатында екі елдің үкіметтік, квазимемлекеттік және іскер топтары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мен кеңейтудің маңыздылығын растады.

Previous Post

Астанада инвестиция тартудың үздік тәжірибелеріне арналған EUROBAK іс-шарасы өтті

Next Post

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі