13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан СІМ басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңындағы кездесулері туралы

25 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан СІМ басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңындағы кездесулері туралы
Share on FacebookShare on Twitter

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесу өткізді.

Сұхбаттастар өзара іс-қимылдың одан әрі перспективаларын, атап айтқанда, дінаралық келісім мен өркениеттер арасындағы жаһандық диалогты нығайту жөніндегі күш-жігерді үйлестіру тұрғысынан талқылады.

Қазақстанның СІМ басшысы М. Моратиностың өркениетаралық диалогты нығайту ісіне қосқан жеке үлесін жоғары бағалады. Альянстың әртүрлі діндер мен мәдениеттер арасында көпір салу бойынша миссиясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Тараптар Орталық Азиядағы жастармен және азаматтық қоғамның жас көшбасшыларымен бірлескен жұмысты қоса алғанда, ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Министр М. Нұртілеу сондай-ақ Үндістанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Субраманьян Джайшанкармен, Камбоджаның Сыртқы істер министрі Сок Ченду Софеямен, Кипрдың Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен, Руанданың Сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехемен және Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтоненмен кездесті.

Кездесулер барысында аталған елдермен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған екіжақты күн тәртібінің басым мәселелері талқыланды.

Руанда СІМ басшысымен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

АҚШ-тың «Cerberus» жаһандық инвестициялық компаниясының вице-президенті Брайан Хукпен кездесуде экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Компания қаржылық қызметтерге, денсаулық сақтауға, бөлшек саудаға, мемлекеттік қызметтерге және т.б. салаларға инвестиция салумен айналысады.

Previous Post

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Next Post

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі