13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан СІМ басшысы экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті

23 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан СІМ басшысы экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жетекші америкалық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында тараптар одан әрі ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.

«PepsiCo» компаниясының басшылығымен талқылау барысында қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін азық-түлік өнеркәсібін дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Google» компаниясымен кездесу «Google for Startups» бағдарламасы аясында өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған. Компанияның жасанды интеллект пен бұлтты технологияларды интеграциялау контекстінде тараптар отандық стартаптарды әлемдік нарықтарға жылжыту, сондай-ақ Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым мен инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

«Mastercard» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын «Цифрлық елдік әріптестік» (Digital Country Partnership, DCP) бағдарламасы шеңберінде Министр цифрлық, қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытуда Қазақстанның көшбасшылығын нығайту мақсатында қаржы инфрақұрылымын дамыту, финтех-шешімдерді енгізу үшін бірлескен жетістіктердің маңыздылығын атап өтті.

«Citi» компаниясымен кездесу барысында табысты 30 жылдық ынтымақтастықтың қорытындысы шығарылып, тұрақты қаржыландыру, сауда байланыстарын жақсарту және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мәселелері қаралды. СІМ басшысы компанияның елдің экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы кейінгі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Қаржы саласының көшбасшыларымен келіссөздерді жалғастыра отырып, М.Нұртілеу «Visa» компаниясының өкілдерімен қаржылық инклюзивтілікті дамытуға және ел аймақтарын дамытуға бағытталған қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту және ауылдық өңірлерде цифрлық сервистерді жетілдіру жөніндегі бастамаларды талқылады.

Previous Post

Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ-дағы Болашақ саммитінде сөз сөйледі

Next Post

Кейтерингтік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар қандай?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі