13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Алты елдің арнайы күштері банда құрамын жойды

20 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Алты елдің арнайы күштері банда құрамын жойды
Share on FacebookShare on Twitter

Иордания мен Қырғызстан Қарулы күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды. «Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуында алты елдің арнайы күштері банда құрамын жойды. Көпұлтты оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Әзербайжан, Қатар, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан қарулы күштері мен Қазақстан күштік құрылымдары қолбасшылығының өкілдері бақылады. Түркістан облысында өткен оқу-жаттығуға Иордания мен Қырғызстан Қарулы күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды. «Орда» оқу полигонында шетелдік әріптестердің назарына қару-жарақ пен әскери техника көрмесі, сондай-ақ киім үлгілері көрсетілді. Ағымдағы жедел-тактикалық жағдаймен танысқаннан кейін практикалық іс-қимылдар өтті. Алты ел әскери контингенттерінен құралған біріккен топтың алдына шекараны бұзып өтіп, елді мекенге тығылған заңсыз қарулы құралымды тауып, көзін жою міндеті қойылды. Содырлардың ұшқышсыз ұшақтардың көмегімен біріккен әскерлер тобына соққы бермек болған әрекетіне радиоэлектронды соғыс құралдарымен тойтарыс берілді. Бірікккен топтың тактикалық әуе десанты түсірілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің шабуылына камикадзе дрондары мен әскери авиация шабуылдары, квадроциклмен қозғалатын ұтқыр топтар қолдау көрсетті. Әкімшілік ғимаратқа жасалған шабуылдан кейін дрондардың көмегімен туннельден өтпек болған жау күші толық жойылды. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу-жаттығуға қатысушыларды арнайы операцияның сәтті аяқталуымен құттықтады. «Террористік қауіптердің өсуін ескере отырып, біз әскери қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді біріктіре береміз. Оқу-жаттығуда дағдарыстық жағдайда басқару органдары мен бағынысты бөлімшелердің іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Бірлескен операцияны жүргізу әскери контингенттердің үйлесімді әрі тиімді әрекет етуге дайындығын көрсетті», – деп атап өтті ол. Оқу-жаттығу жиынын Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасарды Зұлпыхар Жолдасов та тамашалап, әскерилерге қолдау көрсетті. Арнайы мақсаттағы біріккен бөлімшелер кез келген сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді төтеп беруге дайын екендіктерін дәлелдеп, жауынгерлік үйлесімділіктің жоғары деңгейін көрсете білді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша үздік жауынгерлерді марапаттау рәсімі өтті. Әскери жаттығуға барлығы төрт жүзден астам әскери қызметші қатысты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

Next Post

Қазақстан СІМ-де еуропалық елдермен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі