13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан СІМ-де Солтүстік Македониямен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

16 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан СІМ-де Солтүстік Македониямен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Солтүстік Македония Республикасының Елшісі Сали Лиманимен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат өз әріптесін Солтүстік Македонияның Тәуелсіздік күнімен (8 қыркүйекте аталып өтеді) құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың және Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан ел басшылығына құттықтау хаттарын табыс етті. Мемлекет басшысының Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға жолдаған құттықтауында «Солтүстік Македония өзінің мемлекеттілігін нығайтуда және азаматтарының әл-ауқатын арттыруда елеулі жетістіктерге жетті. Солтүстік Македонияның достас халқына өркендеу мен құт-береке тілеймін» деп аталып өтті.

Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша екіжақты серіктестіктің ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде сауда мен инвестицияларды кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті аталып өтті. Биыл ашылған Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Елшілігі мен келесі жылы жоспарланған сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның екінші отырысы өзара қарым-қатынастарды тереңдетуге және нығайтуға ықпал етеді деген сенім білдірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ынтымақтастықты қолдау және дамыту мақсатында тұрақты және сындарлы пікір алмасып тұруға келісті.

Previous Post

Келіссөз арқылы бейбітшілікке ұмтылу - стратегиялық көрегендік

Next Post

Астанада ҚР мен ҚХР-ның индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі