13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістаннан бір күнде екі сарбаздар командасы әскерге аттанды

12 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістаннан бір күнде екі сарбаздар  командасы әскерге аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы жастар ресурстық орталығының амфитеатрында ҚР Қарулы күштері қатарына алғашқы 40 жас өрен мен ҰҚК Шекара қызметінің шекті командасы қатарына 30 ер-баланы салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының лауазымдық міндетін уақытша атқарушы подполковник Дулат Алдербаев, әскери сала мен соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлер, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары, “Жас сарбаз” әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Жаңадан Отан қорғаушылар атанғадар үшін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйледі. Ол әскердегі қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы және әрбір қазақстандық отбасының тыныштығының кепілі екенін атап өтті, сондай-ақ жас сарбаздар буынына сәттілік тіледі.
— Сарбаз болып сапқа тұрып, қару алу, әскери борышын орындау — әрбір ер адам үшін үлкен мәртебе. Сіздер біздің еліміздің бейбітшілігі мен жеріміздің тұтастығын сақтауға жанқиярлықпен қызмет ететін батыл жауынгер болатындарыңызға сенеміз. Әскери борышты абыроймен орындап, аман-есен оралыңыздар! — деді Ертай Кенжебекұлы.
Сондай-ақ, Қарулы Күштер ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Бабай Алдабергенов әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау оның әрбір азаматының аса маңызды міндеті екенін атап өтті.
Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаевтың айтуынша, бүгінгі күні ҰҚК Шекара қызметіне күзгі шақыру жоспарына сәйкес обоыстан медициналық және психологиялық комиссиядан өткен 300-ден астам әскерге шақырылушы жіберілді. Бұдан басқа, бүгіннен бастап Қарулы Күштер қатарына әскерге шақыру жасындағы 1000-нан астам азамат шақырылады. Ал күзгі шақыру науқаны осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
— Салтанатты шығарып салу сарбаздар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсету үшін ұйымдастырылады. Біздің 40 сарбазымыз Ақтау қаласындағы жаяу-теңіз әскерінінің бригадасында қызмет етуге кетіп жатыр. Ал 30 ұлымыз ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысындағы департаменті жағалау күзету басқармасына аттануда. Басында олар бір айлық алғашқы әскери дайындық аурсынан өтеді, онда оларға әскери істің негіздерін үйретеді. Біздің еліміздің қазіргі армиясында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Әскери қызмет тек бір жылды құрайды және байқалмай өтіп кетеді, ал аяқталғаннан кейін әр сарбаз еліміздің жоғары оқу орындарына тегін түсуге немесе келісімшартқа қол қойып, кәсіби әскери болуға мүмкіндік алады, — деп қорытындылады Жандос Күлдербаев.
Шақыру науқанының жоспарына сәйкес бірінші кезекте ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері, Мемлекеттік күзет қызметі, содан кейін – Қарулы Күштердің әскери бөлімдері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жасақталатынын атап өткен жөн. Ал төрт айдың ішінде Түркістан облысынан 18-27 жас аралығындағы 2500-ден астам азамат әскер қатарына шақырылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Бауырластық пен сенімді нығайтатын маңызды сапар

Next Post

Шымкенттің әскерге шақырылушылары Ақтау қаласының теңіз жаяу бригадасына қызмет етуге аттанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі