13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Белсенді азаматтарға Елбасының алғысхаты тапсырылды

28 января, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Белсенді азаматтарға Елбасының алғысхаты тапсырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысының аудан, қалаларында азаматтарды Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау іс-шарасы Түркістан қаласында да ұйымдастырылды. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партияның жұмысына белсене атсалысып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтардың еңбегіне тоқталды.

«Биыл елімізде аса жауапты сайлау өтті. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат құрамы жаңа тұлғалармен толықты. Осы ретте елдің басым бөлігі өз таңдауын жасап, «Nur Otan» партиясына қолдау білдірді. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың парияны қайта жаңғырту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, өңірлерде ауқымды жұмыстар атқарылды. Түркістан облысында да партияны жаңғырту, оның жұмысын жандандыру бойынша бастамалар қолға алынды. Сайлаудың қорытындысымен облыста «Nur Otan» партиясы 81 пайыздан астам дауыс жинап, облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың 37-ін жеңіп алды. Бұл ортақ жеңіске Сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол. Сіздер облыстық штаб құрамында күрделі әрі жауапты қызметті абыроймен атқардыңыздар. Міне, осы еңбектеріңіз ескеріліп, Еласы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты тапсырылып жатыр. Баршаңызды осы марапатпен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы мерейлі сәтті жемісті еңбекпен, сергек көңілмен қарсы аламыз деп сенемін», – деді Б.Тәжібаев.

Үгіт-насихат кезеңінде партия үміткерлері 4000-ға жуық іс-шараға қатысып, 220 мыңдай үйді аралап шықты. Негізінен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына кәсіпкерлер, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп саласы, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері енді. Сонымен бірге 1 көпбалалы ана да мандатқа ие болды. Жалпы облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарды қосқанда облысымызда «Nur Otan» партиясы 263 мандатты иеленді. Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 60%-ке жаңарды. Орташа жасы – 47, яғни 4 жылға жасарды. «Nur Otan» фракциясының жаңа құрамының 30 пайызға жуығы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Марапатқа ие болған партия белсенділері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді.

«Ел мүддесі жолында еңбек етуге, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысамыз», – дейді олар.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Партия белсенділері марапатталды

Next Post

Шымкент: Елбасының "Алғыс хаты" табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі