Шымкенте 2024 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 711186,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,1% артты.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 19% кеміді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 8,6% азайды.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 3% артты, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 7,4% өсті.
2024 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 32548,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 103,3% құрады.
2024 жылғы қаңтар-тамызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 9200,6 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 128,7% құрады.
Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған. Оның ішінде 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндірістер.
2024 жылғы қаңтар – мамыр айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 424,7 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 405,5 млрд тг.) өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 %-ға төмендеді.
Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 % құрады.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуіне саланың басым бөлігін құрайтын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өндіріс көлемінің азаюы есебінен орын алды. Өйткені зауыт ҚР Энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес 2024 жылдың 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс тоқтатылды.
Алайда, өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында тұрақты өсу динамикасы қалыптасқан. Атап айтқанда: жиһаз өндіруде 34,2 %-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде 44,1 %-ға, фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіруде 35,9 %-ға, сусындар өндіруде 10,5 %-ға, өзге де дайын бұйымдарын өндіруде 3,0 %-ға, резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде 2,0 %-ға және тамақ өнімдерін өндіруде 0,3 %-ға өнім көлемі артқан.
Жыл соңына дейін 1 107,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылға қарағанда 102,5 % құрайды деп болжануда.
ШЫМКЕНТКЕ 203 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд теңгені құрады.
2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28,2 %-ға артуы күтілуде.
Қалада 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн теңгеге 220 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 30 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.
Ал 2024 жылы жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. 2024-2028 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 532 млрд теңгеге 9,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 114 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 88,5 млрд теңгеге 1809 жаңа жұмыс орындарын құрумен 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Шымкентте аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 287 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Мәселен, «ОҢТҮСТІК» индустриялық аймағында 101,4 млрд теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көлзделген. Оның ішінде, 8 жаңа жұмыс орындарын құрумен 347 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды.
Оларлвң қатарында төмендегі ірі компаниялар да бар
1. «Easy Pack» ЖШС – полиэтилен өнімдерін өндіру инвестициялық құны – 347 млн теңге, 8 жұмыс орындарын құрумен;
2. «Бумпром» ЖШС – ПКС маркалы картон өндірісі, инвестициялық құны – 200 млн теңге, 30 жұмыс орындарын құрумен.
Ал «ТАССАЙ» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылған. 2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды.
«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 130,5 млрд теңге болатын 62 жобадан тұрады, олар 3,7 мың жұмыс орнын құруды көздейді. Аталған аймақта жалпы инвестиция көлемі 58,9 млрд теңге тұратын 38 жоба іске асырылып, 2,6 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. 2024 жылы 564 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,8 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағын 175 га және «ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағын 155 га кеңейтуге қажетті 330 га жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 288 га жер учаскесі қайтарылып, қалған 42 га бойынша бағалау, сот үрдістері жүруде. Жер учаскелері толығымен қайтарылғаннан кейін қажетті инженерлік инфрақұрылым жобасы әзірленетін болады.
Сонымен қатар, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан қуаттылығы 100 МВт құрайтын «Жұлдыз» қосалқы станциясының жобасы әзірленуде. Шамамен жоба құны 15-18 млрд теңге құрайды. Іске қосу мерзімі 2026-2027 жылдар. Жоба сәтті іске асқан жағдайда сол аумақтағы индустриялық аймақтар толығымен электр қуаттылығымен қамтамасыз етілетін болады.
Cондай-ақ, металлургия саласындағы жобалар іске асырылатын аумағы 1 076 га құрайтын қаланың оңтүстік-батыс бағытында жаңа индустриялық аймағын құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда индустриялық аймақ тұжырымдамасы әзірленіп, қала әкімдігінің қаулысы қабылданды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан аталған аумақта жобаларға қажетті инженерлік-инфрақұрылымға қосылу нүктеклерін анықтап, жобалау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстарын жүргізу қажет.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша 130,9 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 20,9 мың бірлік, дара кәсіпкерлер – 103,2 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 6,8 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 3,3%-ға өсім көрсетті.
2023 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 233,4 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға өскен.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша 2,67 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 36,1%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 49,2%-ға жетті.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2024 жылға 21,7 млрд тг. қаржы бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,3 млрд тг., жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге.
«Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдауға 2024 жылы 21,495 млрд тг. (республикалық бюджеттен – 18,272 млрд. тг., жергілікті бюджеттен – 3,223 млрд. теңге) бөлінген.
2024 жылдың 1 маусымына 10 618,2 млн теңгеге 3320 жобаға (оның ішінде 473 жаңа жоба) қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
— банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 8558,2 млн. теңгеге 3178 жобаға;
— банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 2060 млн. теңгеге 142 жаңа жобаға.
2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2024 жылға міндеттемелерді өтеуге бюджеттен 174,3 млн теңге бөлінген.
2024 жылғдың 1 маусымына 183 жобаға 29,2 млн тг. субсидия,
19 жобаға 41,4 млн тг. өндірістік алаңдарының жалдау ақысы өтелді.
БӨЛШЕК САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ТҮСІРУ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН
ҚР Салық кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдар бөлшек салықтың арнаулы салық режимінде мөлшерлемені 50 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі қарастырылған.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдана алады:
1) салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа саны
200 адамнан аспайды;
2) күнтізбелік жылдағы кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлеріне жататын кәсіпкерлер.
Үкіметтің арнайы қаулысымен 2024 жылы бекітілген бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне өтетін 364 қызмет түрі Шымкент қаласында толығымен қамтылған. Жалпы, Шымкент қаласында іс-әрекеттегі ШОБ субъектілерінің саны 130 мың бірлікті құрайды. Оның ішінде ЭҚЖЖ (ОКЭД) сәйкес келетін 90 мың жеке кәсіпкер тіркелген.
Бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету бойынша егжей-тегжейлі зерделеп, тиімділігіне талдау жұмыстары жүргізілді.
Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету – кәсіпкерлерді дамытуға, кеңейтуге, қаржы айналамын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Яғни, көлеңкелі бизнестен шығуға септігін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпкерлер кірістері бойынша 600 мың АЕК-ке (2,2 млрд тг) дейін қосылған құн салғынан босатылады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша салық мөлшерлемесі 1,5%-дан 2%-ға өсуіне байланысты салық түсімі көлемінің ұлғаю ықтималдылығы жоғары.
Бүгінгі таңда, «Шымкент қаласындағы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/120-VIII мәслихат шешіміне сәйкес бөлшек салық мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілді.