13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

27 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
​ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй құрылысын бастау да жоспарланған. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков энергетикалық жүйені тұрақты дамыту мақсатында «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Ыдырысовпен кездесті. Кездесу барысында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Екіжақты серіктестік қала энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жаңғыртуды қамтиды. Бұл қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктеріне сай тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, электр көлігі инфрақұрылымын жақсарту маңызды міндеттердің бірі. Биыл меморандум аясында қалада алғашқы электр қуаттау станциясы орнатылады. 2026 жылға дейін олардың санын онға жеткізу жоспарланып отыр. Энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және қаланың жаңа шағынаудандарында өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін қуаттылығы 80 МВт жаңа төмендету қосалқы станциясы салынады Сонымен қатар, 336 км тарату желілерін қайта құру, 139 трансформатор бекетін жаңарту, 50 трансформаторды ауыстыру және үш қосалқы станцияда релелік қорғанысты жаңарту жұмыстары атқарылады. Әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй құрылысын бастау да жоспарланған. Меморандум аясындағы жобаларды жүзеге асыру қала экологиясын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және энергетика секторына қосымша инвестиция тартуға елеулі үлес қосады. Кездесу соңында «біз үшін Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету аса маңызды», — деді әкім.

 

Previous Post

Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау рәсіміне қатысты

Next Post

​ШЫМКЕНТ: ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі