13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Миландық маман шымкенттік өнімге қызығушылық танытты

4 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Миландық маман шымкенттік өнімге қызығушылық танытты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Туризм кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Италияның Милан қаласының индустриализация қауымдастығының өкілі Урсу Лилиана, Шымкент креативті индустрия қауымдастығының төрағасы Жанна Байтелиева, қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының, мәдениет, тілдерді дамыту және авхивтер басқармасының жетекшілері, «Shymkent» ӘКК» өкілдері, қолөнершілер мен кәсіпкерлер қатысты.

Бауыржан Берікұлы алдымен Кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы шаралар туралы қысқаша баяндап, Италия мен Қазақстанның арасындағы іскерлік байланысқа тоқталып өтті.

«Италия Қазақстанның экспорт бойынша басты серіктесінің бірі саналады. 2024 жылдың 8 айында екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 14 млрд долларға жуықтады, оның ішінде Қазақстаннан Италияға экспорт көлемі 12,9 млрд долларды құрады. Қазақстанда Италияның қатысуымен 251 компания тіркелсе, соның екеуі Шымкентте жұмыс істеп тұр», – деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

Шымкент қаласының креативті индустрия қауымдастығының төрағасы Жанна Байтелиева осы кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін Палата өкілдеріне алғысын білдіріп өтті.

«Креативті индустрия қауымдастығы мен Кәсіпкерлер палатасы және «Shymkent» ӘКК» АҚ басшылығы арасында меморандум түзіліп, өзара әріптестік орнаған. Соның бір бағыты – осы кездесу. Шымкенттік кәсіпкерлерге енді шетелдік әріптестерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік бар. Сол үшін сонау Милан қаласынан қонақ шақырып отырмыз», – деді Жанна Байтелиева.

Бұдан кейін Милан индустриализация қауымдастығының өкілі Урсу Лилиана сөз алып, өз қаласының мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы таныстырып өтті.

«Қазақстанның экономикалық әлеуеті туралы таныспыз. Барлық саласы, оның ішінде тоқыма, жеңіл өнеркәсіп салалары да қарқынды дамып келеді. Осыған орай біз сіздерді тікелей әріптес болуға шақырамыз. Мысалы, сіздерде креативті индустрияда қолданылатын былғары илеуге қажет тері, мата тоқуға қажет жіп, мақта сияқты шикізат жеткілікті. Ендеше, сол теріні шетелде емес, өздеріңізде де өңдеп, былғары шығаруға қажет техникаларды, құрылғыларды жеткізіп бере аламыз. Осылайша дайын өнім шығарудың толық циклі өздеріңізде болады», – деді Урсу Лилиана.

Жиын барысында тараптар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты, өзара әріптестік туралы жан-жақты талқылады. Соның бір бағыты ретінде миландық маман жергілікті «Azala Cotton» компанияның тоқыма жіптерін сатып алуға қызығушылық танытты. Ал Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және авхивтер басқармасы басшының орынбасары Мөлдір Оңдасынова Италияда шымкенттік музейлердің көрмесін ұйымдастыру туралы ұсынысын білдірді.

Previous Post

ӘРБІР ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕШІМ ЕЛДІҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Next Post

СІБІР ЖАРАСЫ: АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі