13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ғалымдар коронавирусты бір минутта өлтіретін спрей ойлап тапты

28 января, 2021
in Жаңалықтар
0
Ғалымдар коронавирусты бір минутта өлтіретін спрей ойлап тапты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркияның Бурса қаласындағы «Улудаг» университеті микробиология кафедрасының қызметкерлері коронавирус инфекциясын бір минуттың ішінде жоятын мұрынға арналған спрей жасап шығарған. Бұл туралы Daily Sabah газеті мәлімдеді.

Мерзімді басылымдағы ақпаратқа сәйкес, аталған спрейді Шехиме Гюльсюн Темель профессоры мен Ахмет Юмит Сабанджи және Гюнейт Озакин есімді дәрігерлер ойлап тапқан.

Дәрігер Юмит Сабанджидің сөзінше, олар зерттеу жұмыстарын коронавирус пандемиясынан бұрын бастаған.

«Біз аталған препараттың бактерияға қарсы белсенділігі бар екенін дәлелдедік. Сондай-ақ пандемия басталғаннан кейін COVID-19 -ға қарсы күреске үлес қосамыз деп ойладық. Зерттеуімізге сәйкес, бұл спрей ауыз және мұрындағы вирусты жоятындығы дәлелденді. Бұдан өзге вирустың таралуына тосқауыл болады”, — деп түсіндірді дәрігер Сабанджи.

Ал профессор Темель спрейдің шырышты қабаттардағы эпителий жасушаларына мүлдем зиянсыз екенін алға тартады.

«Оның үстіне, біз оның осы жасушаларға емдік әсері бар екенін де көрсеттік. Сондықтан бұл препарат қауіпсіз. Қорықпай пайдалануға болады», — деді ол.

Ғалымдардың айтуынша, бұл препаратты нанотехнология арқылы жетілдірген соң, вирусқа қарсы әсері тұрақталып, белгілі бір молекулаларға ұзақ мерзімге дейін әсер етеді. Сонымен қатар өздері ойлап тапқан спрейді тек COVID-19 инфекциясына ғана емес, өзгеде түрлі бактерияларға қарсы тиімділігі жоғары екендігін хабарлап отыр.

Previous Post

Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды

Next Post

Партия белсенділері марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі