13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте биыл ауылшаруашалық саласында 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

27 января, 2021
in Билік
0
Шымкентте биыл ауылшаруашалық саласында 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл ауылшаруашылық саласында 16,3 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылып, 1500 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде жылы жай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру,  мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков осы жылы атқарылатын жұмыстары бойынша баяндады.

— Шаһарда аумағы 18 гектар жылыжай кешені құрылады.  241 гектарды құрайтын босалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба, қуаттылығы сағатына 3 тоннаны құрайтын ірі жеміс – көкөніс қайта өңдеу кәсіпорны ашылады. Балық шаруашылығын дамыту үшін 2 ірі жоба жүзеге асады. 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын  –  10 жоба, 250 басты 2 тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қала аумағында 136 гектар жерге жылы жай салу жұмысы басталып кетті. Жоба ІІ кезеңде жүзеге асады. І кезеңде инфроқұрылымды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар, «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан жерді инвесторға беру жұмысы жүргізіліп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзАуыл шаруашылығыШымкент
Previous Post

Шымкентте ветеринариялық іс-шаралар күшейтілуде

Next Post

Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі