«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында 2023 жылдың күзінде шақырылған жүз алпыс үш мерзімді қызмет сарбазына арналған бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасу салтанаты өтті. Қызметін аяқтаған жетпіс төрт сарбаз министрдің атынан, көктемгі су тасқыны кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды эвакуациялауды ұйымдастыруға және гуманитарлық көмек жеткізуге қосқан үлесі үшін, естелік сағат алды.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және үлгілі әскери тәртіп үшін басқа да әскери қызметшілер ата-аналарына грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Шымкент қаласы бойынша ардагерлер ұйымдарының төрағалары, «Аналардың жүрегі» сарбаз аналар комитеті» РҚБ өкілі Шарифа Муминова қатысты.
Подполковник Самат Қошанаев, штаб бастығының міндетін атқарушы – бөлім командирінің орынбасары мерекелік іс-шараны дәстүрлі пәрменмен ашты: «Бригада түзел! Тік тұр! Ортаға сап түзе!». Осы кезде ту ұстаушылар мен құрметті қарауыл взводы саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын алып шықты. Қызмет уақыты аяқталған сарбаздар үшін бұл оқиға әсіресе әсерлі болды, өйткені олар өздеріне туысындай болып қалған қызметтестері және командирлерімен айырасу сәтінің келгенін түсінді.
Шымкент қаласы бойынша «Қарулы Күштер ардагерлері» кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев елге өз өмірінің, күш-қуаты мен білімінің бір жылын берген сарбаздардың батылдығын атап өтті. Ол жігіттердің баға жетпес тәжірибе мен даналыққа ие болғанына үмітін білдірді.
Қуаныш пен қайғы сезімімен сарбаздар соңғы қадамын соғып, командирлерінен құжаттар, грамоталар мен алғыс хаттар алу үшін жақындады. Бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Қуаныш Айдынғалиев жауынгерлермен қоштасу әрдайым оңай бола бермейтінін мойындады, бірақ ол бөлімде алған жылулық пен қамқорлық олардың жүректерінде ұзақ жылдар бойы сақталатынына сенімді.
Салтанатты шара офицер-сержанттармен қол алысуымен, алғыс сөздерімен және естелік сыйлықтармен аяқталды. Мерзімді қызмет жылы аяқталды, сарбаздардың артында тек әскери ғана емес, сонымен қатар кәсіби тәжірибе қалды. Көптеген жаттығулардан, шерулерден және дабылдардан өткен жігіттер, рухы мен денсаулығын жан-жақты шыңдағаны анық.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі