Аскаридоз (ascarіdosіs) бөсір — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Қоздырғышы — Ascarіs lumbrіcoіdes. Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жұмыртқасы нәжіспен сыртқа шығады, бірақ 14 күнге дейін топырақта тіршілігін сақтайды. Жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады.
Аскаридоздың алғашқы кезеңінде дене қызуы 37,50С көтеріліп, жөтеледі, кейде кеңірдек-өкпе қабынулары, сирек болса да аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады.
Аскаридоздың асқынған кезеңінде тәңертеңгілік жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Кейде іші қатады, ішектері қатты ауырып түйіледі, денесін аллергиялық бөртпелер басып, демігеді. Аскаридозды серологиялық реакциялар, рентген талдауларын қолдану арқылы анықтайды.
Аскаридоздың алдын алу іс шаралары инфекция ошағына және емдеуге, топырақты нәжіспен ластанудан қорғауға негізделген. Сонымен қатар халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жандандыруға бағытталады.
Алдын алу шаралары:
— қолды үнемі жуу, көкөністер мен жемістер мен көкөністерді мұқият жуу;
— тырнақтарды тістеу және саусақтарды ауызға салу әдетінен арылу;
— қайнатылмаған суды ішуден бас тарту;
— балалар алаңдары күн шуақты жерделерде орнатылуы тиіс;
— топыраққа тыңайтқыш түрінде жануарладың нәжістерін пайдаланудан аулақ болу;
— көшедегі дәретханалар мен жануарлардың нәжісін үнемі тазартқан жөн.
Искаков Аскар Бекболатұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары