13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ТАРАПЫНАН МӘМС ЖАРНАЛАРЫ ДҰРЫС АУДАРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА

24 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ТАРАПЫНАН МӘМС ЖАРНАЛАРЫ ДҰРЫС АУДАРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ТАРАПЫНАН МӘМС ЖАРНАЛАРЫ ДҰРЫС АУДАРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА🔷 Жұмыскерлер ұзақ мерзімді демалысқа шыққан кездерінде медициналық сақтандыру мәртебесін жоғалтпаулары тиіс. Өкінішке қарай, ұстаздардың 56 күндік еңбек демалыстарында ай сайынғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бір айға аударылып, келесі айына жарна түспей қалатын жәйттер жиі кездеседі. Салдарынан білім саласының мамандары сақтандыру мәртебесінен айырылып, МӘМС аясындағы тиісті медициналық көмекке қол жеткізе алмайды.

🔷 Өзекті мәселе бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен штаб отырысында талқыланды. Білім беру мекемелерінің басшыларына бұл мәселені ретке келтіру мақсатында нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, есепшілер төлем тапсырмаларында жарнаны әр айға жеке белгілеп аударулары тиіс.

🔷 Жиын барысында “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы мен саладағы өзекті мәселелердің шешімдерін баяндады.

🔷 Ляззат Барлықбайқызының айтуынша, қазіргі таңда Шымкентте 933 619 қала тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде 700 мыңнан астамы жарнасы мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жеңілдік санатындағы азаматтар, 250 мыңға жуығы жұмыскерлер, 103 826 адам жеке кәсіпкер және шаруашылықпен айналысатындар және 8168 дербес төлеуші. Сақтандырылмаған тұрғындар халықтың 24 пайыздан астамын құрайды.

🔷Штабта сондай-ақ медициналық сақтандырылмай қалу жағдайлары жүйе құраушы ірі кәсіпорын жұмысшыларының арасында да жиі орын алып жатқандығы баса айтылды. Қала әкімінің орынбасары жиын барысында халықты МӘМС жүйесінде қамту бағытында аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеп, келесі штаб отырысында нәтижесін баяндауды тапсырды.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент

Previous Post

1200 МВт атом реакторын Қазақстан энергетика жүйесіне кіріктіру оңай емес – Тимур Жантикин

Next Post

АЭС орны қалай таңдалады?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі