13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Сақ болыңыз, ботулизм!

16 сентября, 2024
in Денсаулық
0
Сақ болыңыз, ботулизм!
Share on FacebookShare on Twitter
Ботулизм дегеніміз – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін, аурудың ауыр түрі нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі.
Ботулизмнің қоздырғышы С.botulinum анаэробты жағдайда ауа жоқ жерде көбейеді, әсіресе дұрыс жабылмаған банкілерде, үй жағдайында консервіленген азықтарда, баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттарда көптеп кездеседі.
Ботулизмнің негізгі белгілері және клиникалық көріністері:
— қатты шаршағыштық, әлсіздік және бас айналу;
— көздің көруінің нашарлауы «бұлыңғырлану», көз алдының «торлануы», заттың қосарланып көрінуі, қабағының түсуі (птоз);
— сілекей секрециясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, шашалып қалу, көмейінде бөгде зат тұрып қалғандай сезіну;
— дауыс желбезегінің зақымдануы, мұрыннан сөйлеу, тілінің күрмеленуі;
— тыныстың бұзылуы;
— іш өту, құсу.
Ботулизмнің алдын алу жолдары:
— консервілеу алдында өнімдерді ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу;
— консервілеуге арналған банкілерді стерилизациялау режимін сақтау;
— өнімдерді консервілеу режимін сақтау, сірке суын немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;
— қақпағы көтерілген (бомбаж), дәмі мен түсі бұзылған банкілерді пайдаланбау және олардың дәмін де татпау. Мұндай банкілер жедел түрде жойылуы тиіс;
— үй жағдайында әзірленген консервіленген өнімдерді пайдаланар алдында жылумен өңдеу (15-20 минуттай қайнату немесе қуыру);
— үй жағдайында жасалған салаттар, саңырауқұлақ, қиярлар, қақталған балық, сан еттер т.б. белгіленбеген базарлардан сатып алмау;
— аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өнім қалдықтарын зертханалық бақылау үшін сақтау.
Ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, бұл Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!

Искаков Аскар Бекболатұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

 

Previous Post

АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДЕ ШЕШІЛЕДІ

Next Post

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі