13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДҮНЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

20 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
ДҮНЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Дүнежүзілік тазалық күнінде Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай шағын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты. Олар А 2 айналма жолының бойын тазалап, аумақты ретке келтірді.
Тазалық іс-шарасына қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
– Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын, – дейді Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

Во Всемирный день чистоты молодежь проявила активность

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі