13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысында және еліміздің барлық өңірлерінде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды

20 сентября, 2024
in Денсаулық
0
Түркістан облысында және еліміздің барлық өңірлерінде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды
Share on FacebookShare on Twitter
Адам папилломавирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі.
Көптеген адамдарды АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папилломавирустар сүйелдерге немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95% — дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папилломавирусы (АПВ) тудырады. Жатыр мойны обырының 70%-ы АПВ-ның екі түрлі вирус штаммдарынан туындайды.
АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Бұл жастар ДДҰ, онкологтарының ұсыныстарына сәйкес таңдады, себебі- 14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады. 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі.
Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.
Әлемде бұл вакцинаға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 135 — тен астам ел ұлттық вакцинация күнтізбесіне осы вакцинацияны енгізді (соның ішінде Австралия, Бельгия, Канада, Германия, Жапония, Бразилия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, Испания, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ). Орталық Азия елдері бойынша, көршілес Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан АПВ қарсы вакцинацияны енгізген.
Ең тиімді қорғану әдісі — вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын — жалғыз қатерлі ісік түрі – бұл жатыр мойны обыры. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90% — ға төмендеген.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

Во Всемирный день чистоты была очищена городская река Кошкарата

Next Post

ДҮНИЕЖҮЗЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі